Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейсі аптасына 93-ке дейін артады

Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер саны екі еседен астам - әр тараптан аптасына 40-тан 93-ке дейін ұлғаяды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер саны екі еседен астам - әр тараптан аптасына 40-тан 93-ке дейін ұлғаяды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл бағыты бойынша рейстер санын 7-ден 14-ке дейін, Алматы - Ыстамбұл бағыты бойынша рейстер санын аптасына 13-тен 21-ге дейін арттыру жоспарланған. Сондай-ақ, екі ел аумағында ұшу үшін жаңа қалалар қосылды.

"Бәсекелестікті дамыту және әуе билеттерінің құнын төмендету мақсатында Қазақстан тарапының бастамасы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Ыстамбұл қалалары арасындағы бағыттарда баламалы әуе тасымалдаушыларды міндетті түрде тағайындау белгіленді. Бұл жолаушылар үшін әуекомпаниялар арасындағы таңдау мүмкіндігін кеңейтеді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Елдер арасындағы рейстер санының артуы Қазақстанның ТМД елдерінен Түркияға әуе хабтары арқылы ұлғайып келе жатқан транзиттік жолаушылар ағынын қанағаттандыруға ықпал етеді деп болжанып отыр.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная