Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстер саны артып келеді

2023 жылы 26-27 қазанда Бангкок қаласында Қазақстан мен Таиландтың авиациялық билік органдарының келіссөздері өтті. Қазақстан Республикасының делегациясын ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Тимур Тлегенов, Таиланд Корольдігінің делегациясын - Таиландтың Азаматтық авиация басқармасы бас директорының орынбасары Сарун Бенджанират басқарды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар әуе қатынасы туралы жаңа үкіметаралық келісім жасасу мүмкіндігін және екі ел арасындағы әуе тасымалына сұраныстың артуына байланысты рейстер санының одан әрі ұлғаюын талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

"Меморандумға сәйкес рұқсат етілген рейстердің жалпы санын 35,4 пайызға (аптасына 402-ден 544-ке дейін), оның ішінде Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Бангкок, Пухкет, Краби, Утапао қалалары арасында аптасына 84 рейсті, ал қалған шарттық бағыттарда аптасына 10-ға дейін арттырады. Қазақстан мен Тайланд арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді. Осылайша, қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Ұзақ сапарлар үшін тиісті виза қажет.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.