Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында жаңа әуе рейстері ашылады

Сауд Арабиясы. Фото @pixabay

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында жаңа тікелей әуе рейстері ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында жаңа тікелей әуе рейстері ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта екі мемлекет арасында қажылар үшін тікелей чартерлік рейстер ұшады.

"2015 жылдан бастап отандық SCAT және саударабиялық Fly Nas әуекомпаниялары қажылық сапарға аттанғандар үшін тікелей әуе тасымалын орындауда. Өткен жылы Сауд Арабия тарапы қажылыққа баруға ниет еткен қазақстандықтар үшін 4 мың квота бөлді", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Сауд Арабиясының Қажылық және умра министрі Тауфик бен Фаузан бин Мухаммад Аль-Рабиамен кездесуде.

Реклама
Реклама

2023 жылдан бастап бірқатар қазақстандық әуекомпаниялар Сауд Арабиясы Корольдігіне тұрақты жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Air Astana Алматы - Медина бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен және Ақтау – Медина бағыты бойынша А320 типті әуекемелерінде аптасына екі рейс жиілігімен Fly Arystan әуекомпаниясы орындайды.

"29 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында өтетін ICAO-ға қарасты Азаматтық авиация ұйымы Халықаралық Ассамблеясының 41-сессиясы аясында екі мемлекет арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады деп күтілуде. Оның шеңберінде әуекомпаниялар жолаушылар тасымалын арттыруды көздеп отыр", - деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная