Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер саны 2,5 есеге артты

© pixabay.com

Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдарының келіссөздері нәтижесінде араптар әуе рейстерін екі есе ұлғайтатын болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдарының келіссөздері нәтижесінде араптар әуе рейстерін екі есе ұлғайтатын болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Астана - Ташкент бағыттары бойынша рұқсат етілген рейстер санын аптасына 12-ден 36 рейске дейін (өсім 200 пайыз) және Алматы-Ташкент бағыттары бойынша аптасына 20-дан 36 рейске дейін (өсім 80 пайыз), ал қалған бағыттар бойынша аптасына 4 рейске дейін екі еседен астам ұлғайтуға уағдаласты.

Осылайша, қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде ағымдағы жылдың көктемгі-жазғы кезеңінен бастап "Эйр Астана" және Uzbekistan Airways әуе компаниялары Алматы - Ташкент бағыты бойынша жиіліктер санын аптасына 14-тен 20 рейске дейін және Астана-Ташкент бағыты бойынша аптасына 6-дан 12 рейске дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, бәсекелестікті және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы барлық шарттық бағыттар бойынша әуе тасымалдаушыларды бірнеше рет тағайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, қазақстандық әуе тасымалдаушылар Самарқанд, Ферғана, Бұхара және Қарши қалаларына тікелей тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная