Қазақстан мен Моңғолия арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Моңғолия @Shutterstock

Алматы қаласының әуежайында Моңғолияның "Хунну эйр" әуе компаниясының Алматы - Ұлан-Батыр бағытындағы жаңа халықаралық рейсі ашылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ИИДМ Азамамттық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының әуежайында Моңғолияның "Хунну эйр" әуе компаниясының Алматы - Ұлан-Батыр бағытындағы жаңа халықаралық рейсі ашылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ИИДМ Азамамттық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр бағытындағы рейстер аптасына бір рет, сәрсенбі күндері 98 орындық Е-190 әуе кемесімен орындалады.

Реклама
Реклама

"Рейстердің ашылуы екі ел азаматтарына Қазақстан мен Моңғолия арасында кедергісіз саяхаттауға, сондай-ақ сауда-экономикалық, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Ашылу салтанатына Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Баярхуу, Моңғолия Азаматтық авиация бас басқармасының әуе көлігін реттеу және саясат департаментінің директоры Г.Батбаяр, Моңғолия Азаматтық авиация департаментінің Аэронавигация және әуежай бөлімінің директоры Ч.Одгэрэл, "Хунну эйр" әуе компаниясы директоры П.Монхжаргал, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т.Ластаев, Алматы қаласы әкімдігінің басшылығы және басқалар қатысты.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная