Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің саны артады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 30 мамырдан бастап China Southern Airlines әуекомпаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша рейстердің жиілігін аптасына екі-үш рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Рейстер 128-178 жолаушыға арналған Boeing 737 ұшақтарында орындалады. Екі ел арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін артады.
Ұшу санының артуы Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм, мәдени, инвестициялық және іскерлік байланыстарды дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестікті арттыруға және әуе билеттерінің құнын төмендетуге ықпал ететіні атап өтілді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!