Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер саны артады

© pixabay

2023 жылы 3 қаңтардан бастап катарлық Qatar Airways авиакомпаниясы Алматы және Доха қалалары арасында орындалатын тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2023 жылы 3 қаңтардан бастап катарлық Qatar Airways авиакомпаниясы Алматы және Доха қалалары арасында орындалатын тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Осылайша, екі ел арасында әуе қатынасы күнделікті болады. Сонымен қатар, Qatar Airways әуекомпаниясы 2023 жылдың көктем-жазғы кезеңінде Қазақстан мен Катар астаналары – Астана мен Доха арасында рейс ашуды жоспарлап отыр.

Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Реклама
Реклама

Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға/Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная