Қазақстан мен Индонезия арасында тікелей рейстер ашу ұсынылды

Қазақстан мен Индонезия туризм саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін, соның ішінде тікелей чартерлік рейстер ашу мен халал туризмді дамытуды қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Индонезиядағы елшілігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанның елшісі Данияр Сарекенов Индонезияның туризм және креатив экономика министрі Сандиага Уномен кездесті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Қазақстандық дипломат еліміздің туристік әлеуеті туралы айтып, индонезиялық қажыларға Қазақстанға "Умра плюс" туристік пакетінің жаңа бағыты ретінде баруды ұсынды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sandiaga Salahuddin Uno (@sandiuno)

"Біз Индонезия мен Қазақстанның туризм және креатив экономика саласындағы, әсіресе туризм, бизнес және халал өнімдер индустриясы саласындағы ынтымақтастықтағы әлеуетін барынша ашуға мүдделіміз.

Бұл ынтымақтастықтың әлеуеті COVID-19 пандемиясында қысқартылған жұмыс орындарының санын қалпына келтіре алады деп үміттенемін. Мұндай уақытта біз тез және бірге әрекет етуіміз керек, ұлттық экономикалық қалпына келтіруді дереу жүзеге асыру үшін жұмыс орындарының барлық әлеуеті бойынша жұмыс жасауымыз керек", - деп жазды Сандиага Салахуддин Уно әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Кездесуде туризм және креативті экономика министрі Сандиага Уно мен Қазақстанның Индонезиядағы елшісі Данияр Сарекенов Бали, Джакарта және Сурабайя, Шығыс Ява және Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы тікелей рейстерді талқылады", - деп жазады thejakartapost.com.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!