Қазақстан мен Бахрейн арасында әуеқатынасы ашылды

© pixabay.com/onasama

Қазақстан мен Бахрейн арасында туристік чартерлік рейстер іске қосылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Бахрейн арасында туристік чартерлік рейстер іске қосылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

"Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ағымдағы жылдың 28 маусымынан бастап Алматы - Манама бағыты бойынша Қазақстан мен Бахрейн арасында туристік чартерлік рейстер іске қосылды", - делінген ААК хабарламасында.

Реклама
Реклама

Рейстер "SCAT" әуе компаниясымен аптасына 1 рет (сәрсенбі күндері) жиілікпен Boeing-737 үлгісіндегі әуекемелерінде орындалады.

Осы халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Бахрейн арасындағы мәдени, іскерлік, инвестициялық және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная