Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуерейстер саны көбейіп келеді

© pixabay.com/chefniko

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуерейстер аптасына 32-ден 42-ге көбейеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ ААК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуерейстер аптасына 32-ден 42-ге көбейеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ ААК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Әзербайжан Республикасына ресми сапары шеңберінде 2023 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының цифрлық даму және көлік министрлігі арасында әуе қатынасы туралы хаттамаға қол қойылды. Қазақстан тарапынан Хаттамаға Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Әзербайжан тарапынан - Әзербайжан Республикасының цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев қол қойды.

"Қол қойылған Хаттамаға сәйкес екі тараптың тағайындалған тасымалдаушылары аптасына 32-ден 42 рейске дейін елдер арасында тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық база кеңейтілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Құқықтық базаны кеңейту елдер арасында орындалатын рейстер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе тасымалдар нарығындағы бәсекелестікті арттырады, сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге ықпал ететін болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная