Қазақстан мен Анталия арасында 18 рейс орындауға рұқсат етілді

Фото: pixabay.com

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізден Анталияға - әр тараптан аптасына бір рейстен тоғызға дейін ұлғайтуға рұқсат берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізден Анталияға - әр тараптан аптасына бір рейстен тоғызға дейін ұлғайтуға рұқсат берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт министрліктері, ҰҚК Шекара қызметімен (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтай отырып, 2021 жылғы 7 маусымнан бастап Анталияға әр тараптан аптасына бір рейстен тоғызға дейін ұлғайтуға рұқсат етсін", - делінген ВАК хаттамасында.

Реклама
Реклама

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түркияға әуе рейстерінің көбеюі туралы айтқан болатын. Ол жақын арада Анталияға рейстер мәселесі шешілетінін атап өткен еді.

"Қазір түрік тарапынан Түрік әуекомпаниялары арасында жаңа сегіз жиілікті бөлу туралы ақпарат күтілуде. Қазақстандық тараптан "Эйр Астана" мен SCAT компаниялары 7 маусымнан бастап рейстерді орындайды", - деп хабарлады ИИДМ.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная