Қазақстан Мальдивке тұрақты рейстерді қайта іске қосады

© shutterstock.com

"Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы-Мале бағытында тұрақты рейстерді қайта іске қосады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы-Мале бағытында тұрақты рейстерді қайта іске қосады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Рейстер 2021 жылдың 4 қазаннан бастап аптасына төрт рет ұшады. Рейстер Б767 және А321LR әуе кемелерімен орындалады. Бұл бағыттағы ұшулар санын арттыру эпидемиологиялық жағдайға және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне байланысты қабылданады.

"Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін 2022 жылдан бастап Мальдивте демалу қымбатқа түсетіні айтылған еді. Аралдардың билігі туристерге шығу салығын енгізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, Мальдив аралдары сұранысқа ие елдер қатарында үздік үштікте тұр. 

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная