Әуекомпаниялар осы жылдың қыркүйегінде Қазақстаннан Түркияға рейстер санын арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысынан кейін белгілі болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылғы қыркүйектің ортасынан бастап Air Astana (17 қыркүйектен бастап) және Turkish Airlines (25 қыркүйектен бастап) компаниялары Алматы - Ыстамбұл бағыты бойынша ұшу жиілігін аптасына екі рейстен үш рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Ал 22 қыркүйектен бастап SCAT әуекомпаниясы аптасына екі рейс жиілігімен Ақтөбе - Ыстамбұл бағыты бойынша ашады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниялар сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі Түркияға рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның және Түркияның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болатынын атап өтті.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!