Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанның шекаралас қалаларында жалға берілетін тұрғын үй бағасы күрт көтерілді. Елдегі қонақүйлердегі бағаның қалай өзгерді және Қазақстандағы туристер қонақүйлердегі орын тапшылығынан зардап шегіп жатыр ма? Бұл туралы Kaz.tengritravel.kz тілшісі сарапшыдан сұрады.
Қазақстандық қонақүйлер мен мейрамханалар қауымдастығының президенті Рашида Шайкенова жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, қазір Алматыда бос орын жоқ.
"EQonaq мәліметтері бойынша, осы қыркүйекте қонақүйлердің жүктемесі 136 пайызға өсті. Қазір Алматыда бос орын жоқ. Жалпы, 2022 жыл өте жақсы, жемісті жыл болды", - дейді ол.
Сарапшы қонақүйлерге бағаның өскенін атап өтті.
"Егер бір жылдағы орташа көрсеткішті алсақ, Алматы бойынша өсім 28-30 пайызға артқан. Өкінішке қарай, қазір біз кейбір қонақүй иелердің бағаны 200 пайызға көтеріп, стандартты нөмір үшін тәулігіне 234 мың теңге сұрағанын көріп отырмыз. Қыркүйек айында тамызбен салыстырғанда бағалар орташа есеппен 15-18 пайызға өсті. Астанада да осындай жағдай орын алды", - деді Шайкенова.
Сарапшы Астана мен Алматыдағы қонақүйлердің осындай жүктемесін түсіндіре отырып, бірқатар іс-шаралар, атап айтқанда Димаш Құдайбергеннің концерті, Алматыдағы "Мұнай және Газ" KIOGE халықаралық көрмесі мен конференциясы, Астанадағы Әлемдік діндер съезі, сондай-ақ 134 елмен визасыз келісімдер және саяси оқиғалар әсер еткенін атап өтті.
"Бұл әлемдік тәжірибе екенін түсіну керек. Бағалар жоғары сұраныс маусымында өседі. Сонымен қатар, туристік нарық басқа салалар сияқты өмір сүреді. Егер елдегі барлық нәрсеге баға көтерілсе, онда қонақүйлердегі орташа чек бағасы да өседі. Шығындар өсуде - тұрмыстық химия, тоқыма, азық-түлік бағасы. Тиісінше, тұру құнының бағасы өсуде. Нарықтың барлық тенденциясы бағаға әсер етеді", - деді ол.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!