Қазақстан қолжетімді демалыс рейтингінде үздік ондыққа енді

Танымал Curly Tales сайтының тұжырымы бойынша Қазақстан қолжетімді демалыс рейтингінде үздік ондыққа енді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, Curly Tales - food, travel, experiences & lifestyle сайты қазіргі заманғы көшпенділер тақырыбына арналған платформа. Сайтта туристерге осы айда баруға кеңес беретін елдер тізімі бар.

Қазақстаннан басқа, бюджеттік бағыттардың рейтингіне Түркия, Грузия, Египет, Вьетнам, Лаос, Кения және тағы басқа елдер де кірген.

Реклама
Реклама


curlytales.com сайтына скриншот

Рейтинг авторлары туристерге, мысалы, Шарын каньонына барып, шатқалдың сұлулығына таңдануды ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында танымал британдық Condé Nast Traveller журналы The most breathtaking places to visit in Kazakhstan атты мақалада біздің елімізде саяхаттаудың негізгі бағыттары туралы жазған болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!