22 мамыр 2024 09:38

Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде Орталық Азиядағы үздік атанды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұған дейінгі индексте Қазақстан 117 мемлекет арасынан 66 орынға орналасқан еді.

"Біздің еліміз мына санаттар бойынша ең жоғары баға алды: бағалық бәсекеге қабілеттілік (2 орын), туризмнің әлеуметтік-экономикалық әсері (5), денсаулық сақтау және гигиена (23), табиғи (30) және мәдени ресурстар (48), сондай-ақ адами капитал мен еңбек нарығы (43) және туристік инфрақұрылым мен сервис (47)", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазақстан Әзербайжан (56), Өзбекстан (78), Қырғызстан (102) сияқты елдерді басып озып, Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие мемлекет болды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Реклама
Реклама