Қазақстанның өңірлеріндегі жергілікті қоғамдастықтарға негізделген экотуризмді дамыту мақсатында Kazakh Tourism ұлттықткомпаниясы екінші жыл бойы туризмді дамыту әлеуеті бар жергілікті тұрғындар үшін және ауылдық жерлерде бизнес субъектілері үшін қонақ үйлерді ашу және олардың қызметін жүргізу бойынша тренингтер ұйымдастырып келеді.
2021 жылы оқытумен Қазақстанның 7 өңірі қамтылды, ағымдағы жылы 6 өңірде тренингтер өткізу жоспарланған. Тренингтер Ақмола облысы Қатаркөл кенті мен Зеренді ауылында өтті. Қараша айының ортасына дейін Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстарында тренингтер өткізу жоспарланған.
Тренинг барысында жергілікті тұрғындар өз шаруашылығында қонақ үй ашу туралы практикалық нұсқаулар, ауылдық жерлерде туристерге қызмет көрсету стандарттары туралы ақпарат, сондай-ақ өз қызметтерін жылжыту, қолдау шаралары туралы ақпарат алады.
Сонымен қатар, қатысушыларға қауымдастыққа негізделген туризм туралы ақпарат беріледі – community based tourism (CBT) – бұл бір ауылдың тұрғындары – туристік қызмет провайдерлері ұйымдастырылған топтарға туризмге негізделген қауымдастықтарға бірігетін қауымдастық.
Олпр үйлестірушіні анықтап, ұйымдастырылған экологиялық, туристерге қызмет көрсетудің жалпы стандарттары мен баға саясатын бекітіп, экотуристерді қабылдайды.
Өткен жылғы тренинг қорытындысы бойынша Имантау, Торайғыр және Кіші Жалаңаш ауылдарында 3 CBT қауымдастығы құрылды. Тиісінше, тренингтер өткізгеннен кейін және СВТ қауымдастығын құрғаннан кейін жергілікті тұрғындар өздерінің күш-жігерін біріктіріп, туристерді қабылдауға мүмкіндік алды.
2021 жылы бағдарлама бойынша 246 адам оқытылды, ағымдағы жылы жоспарланған қамту - 240 адам. Тренингтер өткізу ауылдардың дамуына үлес қосып, ауылдықтарды жұмыспен қамтамасыз етуге және олардың табысын арттыруға мүмкіндік береді.