Қазақстанда 17 мыңнан аса өзен бар. Алайда, оның әрқайсысы өз табиғатымен, ұзындығымен, биологиялық әралуандылығымен ерекше. Олардың қайсысы ең ұзыны? Tengritravel.kz тілшілерінің осы сұрағына Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері жауап берді. Ведомство мәліметінше, Қазақстанда ең ұзын өзендер рейтингінде Есіл көш бастаған.
5 орын. Тобыл өзені"Тобыл - Ертіс өзенінің саласы. Жалпы ұзындығы - 1591 шақырым, оның 682 шақырымы Қазақстан территориясында. Тобыл бассейнінде жалпы ауданы 9000 шаршы шақырым болатын 20 мыңға жуық көл және бірнеше су қоймасы бар. Негізінен қар және жаңбыр суымен қоректенеді", - дейді министрлік өкілдері.
"Өзеннің жалпы ұзындығы 2534 шақырым, оның 1084 шақырымы Қазақстан жерінде. Жайық өзені Орал тауларымен бірге Еуропа мен Азияны бөлетін шартты шекара болып есептеледі. Жайық өзені мен оның салалары негізінен қармен қоректенеді. Өзен Қазақстан үшін тұщы судың маңызды көзі болып табылады және балық аулау мен рекреациялық туризмге мүмкіндік береді. Мұнда бекіре, майшабақ, көксерке, сазан, жайын секілді 40-қа жуық балық түрі бар", деп еске салды ведомство баспасөз қызметінің мамандары
"Ертіс - Қазақстандағы кеме жүзетін ең ірі өзендердің бірі. Жалпы ұзындығы - 4248 шақырым, оның 1698 шақырымы Қазақстан аумағында. Ертіс өзені еліміз үшін тұщы судың аса маңызды көзі болып табылады және республика экономикасында маңызды рөл атқарады. Ертіс-Қарағанды каналы арқылы Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстары ауыз сумен қамтамасыз етіледі", - дейді мамандар.
"Сырдария - Орталық Азиядағы ең ірі өзендердің бірі. Тянь-Шань тауларынан бастау алып, Қазақстан мен Өзбекстан арқылы өтеді. Жалпы ұзындығы шамамен 2212 шақырым, оның 1746 шақырымы Қазақстанда. Оңтүстік өңірдегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп үшін маңызды су көзі болып табылады. Арал теңізіне құяр жерінде суы мол жылдары тіпті кеме жүрген. Өзен бойында ежелгі қалалардың орны көп. Сырдария өзені Шығыс жазбаларында Шаш, Ходжент, гректерде Яксарт, арабтарда Сейхун деген атпен кездеседі", - дейді ведомство мамандары.
"Ертіс - Қазақстандағы кеме жүзетін ең ірі өзендердің бірі. Жалпы ұзындығы - 4248 шақырым, оның 1698 шақырымы Қазақстан аумағында. Ертіс өзені еліміз үшін тұщы судың аса маңызды көзі болып табылады және республика экономикасында маңызды рөл атқарады. Ертіс-Қарағанды каналы арқылы Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстары ауыз сумен қамтамасыз етіледі", - деп түйіндеді министрлік өкілдері.
Тобыл, Ертіс, Сырдария өзендерінің суретін Су ресурстары және ирригация министрлігі ұсынды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!