Қазақстандық FlyArystan әуекомпаниясы әуежайларда өзіне-өзі қызмет ету терминалдары қолжетімсіз болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Техникалық жұмыстар туралы хабарландыру Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.
"Құрметті жолаушылар, бізде iJan өзіне-өзі қызмет ету киоскілерінде техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты олар уақытша қолжетімсіз болады. Тегін тіркелуді онлайн қосымшада не сайтта өтуді сұраймыз", - делінген лоукостер хабарламасында.
Айта кетейік, iJan - бұл әуежайдағы өзіне-өзі қызмет ету терминалдары. Қызметтің кейбір түрлері ақылы, мысалы ұшу алдында әуежайда тіркелу және тек Қазақстанның ішкі рейстері үшін қолжетімді. Мұндай терминалдар Алматы, Астана, Семей, Түркістан, Павлодар, Қызылорда, Атырау, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай және Орал әуежайларында қызметтерін көрсет
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!