Қазақстан Астана - Токио рейсін қайта ашу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр

© pixabay.com

Астанадан Токиоға тікелей рейстерді қайта қалпына келтіру үшін Қазақстан Жапониямен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанадан Токиоға тікелей рейстерді қайта қалпына келтіру үшін Қазақстан Жапониямен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Сыртқы істер министрлігі біздің елшілік арқылы қайта қалпына келтіру немесе мүлде жаңа бағыт ашу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Әрине, біз мұндай сұранысқа ие рейстердің болғанын қалаймыз. Өкінішке орай, қазіргі уақытта нақты мәліметтерді айта алмаймын, себебі келіссөздер жапониялық тараптан жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Карантин, коронавирус көптеген елдердің жоспарын өзгерткені рас, сол себепті келіссөздерді тоқтаған жерден қайта бастау қажет", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, Қазақстан астанасынан Токиоға рейстер 2019 жылы қолжетімді еді. Бағыт мемлекеттік қолдау мен субсидиялау арқасында іске қосылған болатын. Рейстерді орындау 2020 жылы коронавирус пандемиясы басталған уақытта тоқтатылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная