Қазақстан арқылы Хиуаға саяхат. Ұлыбритания мен Ресейдің Ұлы ойынының өткен жерлері туралы

Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге "Қазақстан: тек Батысқа - 2020" экспедициясы туралы материалдың екінші және соңғы бөлімін жариялайды. Сапар 7 тамызда Нұр-Сұлтаннан басталды. Оның ең шеткі нүктесі Қазақстанның батысындағы Орда немесе Хан Ордасы ауылы болды.

Біз материалымыздың бірінші бөлімінде Жәңгір ханның ордасына саяхат және басқа да қызықты жерлер туралы айттық.

Бұл экспедицияның бір мақсаты - Қазақстанның туристік картасындағы олқылықтың орнын толтыру, туристер сирек баратын, бірақ олардың қызығушылығын тудыратын жерлерге көбірек көңіл бөлу. Экспедиция барысында қандай қызықты оқиғалар болғанын баяндайды. Kaz.tengritravel.kz "Авалон" тарихи-географиялық қоғамының президенті Виталий Шуптар ұсынған экспедиция күнделігінен үзінділерді жариялауды жалғастырады.

"Экспедицияның 11-күні (17 тамыз) Ақкөгершін бор тастарының етегінде оянып, бірнеше сағат бойы серуендеп, фотосессияға түстік. Акуланың тістерін таба алмадық, бірақ кәдесый болатын кез келген басқа дүниелерді жинадық.

Бағдарламадағы келесі нүктеге жылжу барысында лагерьден бірнеше шақырым жерде тағы бір әсем жерді кездестірдік, сұлулығына тәнті болдық (бір жартас тіпті тай ғибадатханасын еске түсірді). Айтпақшы, лагерьді тап сол жерге құру керек еді. 

Ақкөгершіннің көріністерін тамашалап, батыс беткейінде Нобель үңгірі (шынында, үңгір) орналасқан Иманқара тауына қарай жылжыдық. Бір кездері бұл әдебиетті зерттеуді Альфред Нобельдің ағасы Людвиг Нобель жүргізді, оны тағдыр кездейсоқ Каспийдің арғы жағына апарды. (Әзербайжанда ол мұнай бизнесімен айналысқан). Қазақтың тарихи-мәдени орындар тізімінде бұл үңгір ерте темір дәуіріндегі Иманқара үңгірі ретінде белгілі.

Қасиетті сопы Бекет-Атаның жерасты мешітіне бас сұқпай кете алмадық (Оғланды мен Бейнеу маңында XVIII ғасырдан қалған осындай нысандарды аралап көрдік). Мешіт, өкінішке орай, көңілімізден шықпады: жартасқа қашалған (шырақшы кеңестік дәуірде жарылған деп айтқан) бастапқы мешіттен ештеңе қалмағаны белгілі болды, ал бүгінгі көріп отырғанымыз түпнұсқаға ұқсамайтын қайта қалпына келтірілген нұсқасы.

Одан ары біздің жолымыз бор тастарымен әйгілі Ақтолағай шатқалының бағытына бұрылды. Шаң-тозаңда бригадалардың біразы артта қалып, кейін дала жолдарының лабиринтінде адасып, бір-бірін ұзақ іздеуге ұласты. Барлығы жақсы аяқталды, бірақ біз атақты "Ладьяға" жақын жерде орналасқан лагерь орнына қараңғыда жеттік. "Қазақстан: тек Батысқа-2020" экспедициясының 11-күні осылай аяқталды.

"Қазақстан: тек Батысқа - 2020" экспедициясының 12-күні (18 тамыз) бізде болған "Ладья" (ол шахмат ханшайымы) координаталары мүлдем дұрыс еместігін түсінгенімізден басталды. Дәлірек айтсақ, бір-екі шақырымдық жол сәйкес келмеді, қараңғыда Ақтолағайдағы лагерь ол жерде орналаспаған екен. Бір жақсысы, біз іздеген жартас біршама биік, жер бедері алыстан көрініп тұр, сондықтан лагерьді жинап, соған қарай жылжып кеттік.

Бір сағаттай қатты желде фотосессияға түсіп, кестеге сай Ембі алқабына қайта оралуға тура келді. Сондықтан да, Ақтолағайды толық қызықтай алмадық. Ештеңе етпес, біз мұнда міндетті түрде ораламыз.

Ембіге көтеріліп, жолдар мұнай кен орындарымен өтетінге дейін бірнеше қызықты қорымдарды (Сүндет пен Қарасақал) араладық. Біз ұзақ уақыт бойы жанып жатқан алаулар мен вахталық лагерьлер арасында жүрдік және мұндай жағдайда, мақсатымызға оңай жете аламыз ба деп күмәндандық. Бірақ ақырында бәрі ойдағыдай болып, келесі лагерь Ембі мен Атжақсы өзендерінің сағасында, Ембен бекіністерінің қирандысының қасында тұрғызылды.

Экспедицияның 13-күнінің таңы (19 тамыз) әуре-сарсаңмен басталды. Әйтеуір, Ембі мен Атжақсы өзендерінің сағасында, 1839 жылы орыстар Хиуа сапарының бір тірегі ретінде тұрғызған Ембен бекінісінің қирандыларының дәл тұсында қоныстанған. Бұл жорық сәтсіз аяқталды: нәтиже болмауымен және үлкен шығынмен, яғни үсік шалу мен аурудан зардап шеккен. Қайтып оралғанда, жорықты басқарған Орынбор генерал-губернаторы Перовский бекіністі жарып жіберуді бұйырған.

Осындай қызық жерде таңертең дронды көтеріп, бекіністің қирандыларын түсіріп алмақ ниетте қос тіктік. Дегенмен, фотосуреттер көп болмайды. Алғашқы дрон қайтадан сигналын жоғалтып, қайтып оралғанша, бұл жалғыз фотосуретке де күмән болды. Екінші дрон жоғары көтеріліп, сигналды жоғалтып алды және апаттық режимде өздігінен қонды, бір уақытта батареяны жоғалтты (кем дегенде, дронның өзі жерде жарты сағат іздегеннен кейін табылды).

Саяхаттың 13-күні (яғни кеше) түске таман "Қазақстан: тек Батысқа-2020" экспедициясы өзінің логотипінде бейнеленген жерге - 19 ғасырдың 60-жылдарында бекініс ретінде салынған Ембен бекетіне жетті. 

Шын мәнінде, осы оқиғаның логотипі туралы ойлана отырып, таңдау дәл осы бекініске түсті, өйткені ол жоғарыдан жебеге ұқсайды, бірақ оны "батысқа қарай" бастау үшін 90 градусқа бұру керек болды. Ал, біздің экспедициямыздың басты тақырыптарының бірі - Ұлы ойынмен бұл бекініс, әрине, байланысты.

Бақытымызға орай, мұнай кен орындары бұл жерден біршама қашықта орналасқан, сондықтан бекіністің бұл үлгісін ауадан түсіруге ештеңе кедергі болмады.

"Қазақстан: тек Батысқа-2020" экспедициясының 13-күнінің тағы бір нысаны (19 тамыз) Ембі полигоны деген атпен танымал КСРО Қорғаныс министрлігінің 11-мемлекеттік ғылыми-зерттеу полигоны болды (дәлірек айтқанда, қалған орны). Полигон 1960 жылы әскери техника мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс қаруларының соңғы үлгілерін сынау үшін құрылған.

Полигондардың бірін қарап шығып, Жем атты қалашыққа (бұрын Ембі-5 деп аталып, полигонның әкімшілік орталығы болған жабық қала) кірдік.

Қайсысы жақсы сақталғанын айту қиын - полигон алаңы ма, әлде оның орталығы, "қала құраушы кәсіпорын" бүгінде қатаң режимдегі колония болып табылады, ал үйлердің көпшілігі бос қалған, елес қала іспетті. 

Жаманшын метеорит кратерінің ортасына біз экспедицияның 14-күні, яғни 20 тамызда ғана жеттік (алдыңғы күні кешке дейін үш шақырым жерге жетпей, түнеу туралы шешім қабылданған болатын, өйткені қараңғыда сайларды кесіп өту қиын болды).

Осыдан миллион жыл бұрын диаметрі 500 метрдей метеориттің құлауы нәтижесінде пайда болған Жаманшың, негізінен, сол ұзақ соқтығыстың нәтижесінде пайда болған пайдалы қазбаларымен танымал. Біз өзімізді құдды қазына іздеушідей сезіндік, бірақ сәтті шықпады. Кратердің үлкен көлемін ескерсек, ол жерден де (және спутниктен де) іс жүзінде көрінбейді. Сондықтан арнайы фотосуреттер жасалмады.

15-күні таңертең (яғни, жұма, 21 тамыз) "Қазақстан: тек Батысқа-2020" экспедициясының командасы Лисаковск археологиялық кешеніне жетті, оның ең қызықты және көрнекі бөлігі Новоильиновский қорымы, онда тайпа билеушісі мен тоқымашы әйел, сондай-ақ, бұқалар мен жылқылар жерленген, ол күні бүгінге дейін қазылып жатыр (тіпті осында жұмыс істейтін археологтармен кездесеміз деп үміттенген едік, бірақ карантиндік шектеулер бұған кедергі болғаны анық).

Новоилиновский қорымында қола дәуірінің бірнеше ондаған қорғандары, мен қатар кейінгі кезеңдердің бірнеше қорымдары бар. Қорым аумағындағы ең әйгілісі - тайпа көсемі мен тоқымашы әйел жерленген қорғандар, сондай-ақ өгіз бен жылқының құрбандық қорымдары. Мұнда жүргізілген зерттеулердің қола дәуіріндегі үндіеуропалық тайпалардың қоныс аудару кезеңдерін түсіну үшін маңызы зор.

Өткен жұмада "Қазақстан: тек Батысқа-2020" экспедициясының келесі нүктесі анда-санда жаңбыр жауып тұрса да, бәрімізге қатты ұнайтын тарихи орталық Қостанай болды.

Қаланың негізі 1879 жылы қаланған және онда ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы сәулет өнері өте жақсы сақталған, оның стилі әдетте сібірлік кірпіш стилі деп аталады. Сондай-ақ орталық арқылы созылып жатқан тамаша жаяу жүргіншілер аймағының арқасында Қостанай барлық сәнімен еуропалық қалашық сияқты өте жағымды әсер қалдырады. Жалпы, біз жақын болашаққа жоспарлар қатарына Қостанаймен тереңірек танысуды қостық. Осы жерден кешке қарай келесі түнеу жоспарланған Аманқарағай қарағайлы орманына қарай жылжыдық. Аманқарағай қарағайлы орманы тек қана қылқан жапырақты ғажайып хош иісімен ғана емес, біз кеткенше, таң атқанша терген саңырауқұлақтарымен де есте қалды. Тіпті кешігіп жатсақ та, тоқтай алмадық. Өзімізді тоқтату қиынға түсті десек болады.

Ұлы ойынның негізгі қазақстандық қатысушысы Шоқан Уәлихановтың Құсмұрын шатқалындағы ескерткіші тарихи нысандарға салынған "Қазақстан: тек Батысқа-2020" бүкіл экспедициясының Орталық Азия тарихындағы логикалық қорытындысы болды. Құсмұрын бұл жерде бір кездері бекініс болғанымен әйгілі, сонымен қатар, Шоқанның туған жері, ол мұнда балалық шағының біраз бөлігін өткізіп, жергілікті мектепте оқыған.

Өкінішке орай, бекіністің бұрын қай жерде орналасқаны нақты белгісіз, дегенмен жергілікті әуесқойлардың күш-жігерінің арқасында бұл жерлерде ұлы саяхатшы, ғалым және барлаушыға шағын ескерткіш орнатылды.

Құсмұрын көлінің ғажайып көріністері ашылатын дәл осы ескерткіш біздің бүкіл экспедициямыздың әдемі қорытындысы болды. Барлық мағынада әдемі десе болады. Экспедиция аяқталуға жақын қалғанын түсінген біз бұл көркем жерден көпке дейін кеткіміз келмеді, бәрі де қайтуға асықпады.

Одан кейін Астанаға дейін жол ұзақ болды, сенбі күні кешке жеттік, сапарымыздың аяқталуына арналған шағын мерекелік кештен соң, келесі күні Қарағандыға үйге қайттық", - деп бөлісті Шуптар.

Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.

Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.