Қазақстан Google Maps-тегі жұмбақ орындардың тізіміне енді

Playcrazygame.com cайты Google Maps қызметінен тоғыз ерекше суретті жинады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. Тізімдегі екі орын Қазақстанда орналасқан.

Торғай трикветрі - ауқымды геоглиф. Ағаштыкөл ауылының маңында орналасқан. Бұл үш сәулелі свастика түріндегі қорған, диаметрі 94 метр, орташа биіктігі шамамен 70 сантиметр. Свастика адамзат тарихындағы ең көне белгілердің бірі болып қала береді және бірнеше символдық мағынаға ие болуы мүмкін - өмір, қозғалыс, жарық, күн, әл-ауқат. Свастиканы буддистік храмдарда жиі көруге болады, онда ол кемелдік идеясын жүзеге асырады. Мұндай символдардың алғашқысы кеш палеолит дәуірінде пайда болды.

Фото TengriTravel

Пентаграмма - бұл жұмбақ орын, ол ағаштардың қатарларымен жұқалау бейнеленген шеңбер ішіндегі жұлдыздың сәл боялған ізі болып көрінеді. Бұл үлкен форма Жоғарғы Тобыл су қоймасының оңтүстік жағалауында орналасқан. Ең жақын елді мекен - шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан Лисаков қаласы.

Скриншот Google Maps

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!