Қазақстан 33 елдің вакциналау паспортын таныды

Шарын шатқалы фото ©Shutterstock

Қазақстан 33 елдің вакцинация паспортын таниды. Бұл туралы республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан 33 елдің вакцинация паспортын таниды. Бұл туралы республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері "Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау туралы паспорттарды /сертификаттарды / анықтамаларды тану туралы" қаулыға түзетулерді бекітті.

"Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия, Бразилия Федеративтік Республикасында, Ұлыбританияда, Венгрияда, Грузияда, Индонезия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Испания Корольдігінде, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Монғолияда азаматтарға КВИ-ға қарсы вакцинациялау туралы берілген паспорттары / сертификаттары / анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын. Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Перу Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Сербия Республикасы, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Черногория Республикасы, Чех Республикасы, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы, Эквадор Республикасы, Эстония Республикасы және Жапония осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес", - делінген құжатта.

Реклама
Реклама

Қаулы 18 наурызда күшіне енеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная