"Қазақ еліне +1 Жолдыгүл". Пойызда тағы бір сәби дүниеге келді

"Жолаушылар тасымалы" компаниясының баспасөз қызметі

Айы, күні жақындап қалған Жансая Көкенова жүктіліктің соңғы айында Алматыдан Өскеменге №352 пойызбен жолға шыққан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Айы, күні жақындап қалған Жансая Көкенова жүктіліктің соңғы айында Алматыдан Өскеменге №352 пойызбен жолға шыққан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз жөнелтілгеннен кейін "Екаша-Айыртау" станциялары арасында жүкті жолаушының толғағы басталған. Вагон жолсерігі Бағдагүл Әбдәқұлова және пойыз бригадасының басқа да қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, толғақ қысқан әйелді аман-есен босандырып алды. Қыз бала 7 ақпанда сағат 13:30-да дүниеге келді.

Пойыз бригадасы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды. Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдай жасалды.

Реклама
Реклама

Өскемен станциясына келгеннен кейін қызды анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады.

"Жолсерік Бағдагүл Әбдәқұлова теміржолда 23 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Бұл оқиға оның тәжірибесінде бірінші рет болып отыр. Пойыз жолсерігінің айтуынша, бұндай оқиғада жәрдемесу үлкен жауапкершілікті талап етеді", - делінген "Жолаушылар тасымалы" таратқан хабарламада.

Айта кетейік, пойыз бригадаларының қызметкерлері стандартты емес жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тұрақты негізде оқытудан өтеді. Соңғы 3 жылда "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарында 12 бала дүниеге келді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная