Желіде Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық саябағы жолында тұрған Қайыңды көлінің шыршаларына әлдекімдер есімін ойып жазғаны түсірілген видео тарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Экобелсендінің айтуынша, Қайыңды көлі өзінің әсемдігімен және тұмса табиғатымен танымал. Көлдегі дәл осы бірнеше ғасырлық шыршалар бүкіл әлемнен туристерді өзіне тартады. "Таңғалып тұрмын. Табиғи байлыққа осылай қараса, бұдан ары не болады?" - дейді олар.
"Көлсай көлдері" ұлттық паркінің әкімшілігі өз кезегінде орын алған оқиғаны тексеруге уәде берген.
"Қайыңды көлінде болған оқиға бойынша, біздің саябақтың табиғи ескерткіші – реликті шыршаларға жасалған шабуыл сіздер секілді біздің саябақтың да қатты ашуын туғызды. Көптеген жылдар бойы олар өздерінің сұлулықтарын сақтап тұрды, ал енді кейбір бұзақыларға осындай ой келген", - деп жазды ұлттық парк әкімшілігі.
Айта кетейік, заң және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ережелеріне сәйкес, жеке тұлғаларға ғимараттарға, ағаштарға, тастар мен жартастарға кез келген жазулар мен сызбаларды қолдануға тыйым салынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!