Қайрат Нұртас пен Тұрсынбек Қабатов әуекомпаниялардың қара тізіміне енді ме?

видео кадры

Өткен күндері белгілі әртістер Қайрат Нұртас пен Тұрсынбек Қабатовтың ұшақ бортындағы мінез-құлқына қатысты оқиғалар Қазнетте қызу талқыланды. Осыған байланысты олар әуекомпаниялардың қара тізіміне енді ме деген сұрақ туындайды. Tengritravel.kz жағдайды зерттеп көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өткен күндері белгілі әртістер Қайрат Нұртас пен Тұрсынбек Қабатовтың ұшақ бортындағы мінез-құлқына қатысты оқиғалар Қазнетте қызу талқыланды. Осыған байланысты олар әуекомпаниялардың қара тізіміне енді ме деген сұрақ туындайды. Tengritravel.kz жағдайды зерттеп көрді.

Air Astana әуекомпаниясы жолаушылардың дербес деректерін беруге құқығы жоқ екені туралы айтып, қазақстандық шоу-бизнестің белгілі өкілдері қара тізімге енгізілді ме, жоқ па бөліспеді.

Бұған дейін биылғы сәуірде әуе көлігімен тасымалдауға шектеу қойылған тұлғалардың тізіліміне қанша адам енгізілгенін нақтылаған болатынбыз. Материал жарияланған кезде бұл тізімге 4 адам енгізілгені белігілі болды. Әуекомпаниясы қазіргі уақытта қара тізімдегі жолаушылар санында ешқандай өзгеріс болмағанын айтты. Сәйкесінше, сәуірден бері жағдай өзгерген жоқ және әртістер әуе қатынасы шектелген тұлғалардың тізіліміне енгізілмеген деп болжауға болады.

Реклама
Реклама

"78-1, 8-баптың 8-тармағына сәйкес әуекомпания әуе тасымалы шектелген тұлғалар тізіліміне енгізілген жолаушының (жеке тұлғаның) дербес деректерін үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес және "дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы тұлғалардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

Бүгінде тіркеуде 4 адам бар", - деп хабарлады әуекомпаниясының баспасөз қызметі.

Біз бұл ақпаратты басқа әуекомпания өкілдерінен де сұрадық. Qazaq Air әзірге бірде-бір жолаушы қара тізімге енгізілмегенін айтты. Scat-та да осындай жағдай.

Айта кету керек, қара тізімге енгізу шаралары борттағы барлық жолаушының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Компания өкілдері жолаушылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты олар үшін бірінші кезектегі міндет екенін және оларды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды жалғастыратынын атап өтті.

Қара тізімде қауіпсіздік ережелерін бұзып, басқа жолаушыларға қауіп төндіретін жолаушылардың есімдері жазылатынын айта кетейік. Бұл критерийді бүкіл әлем бойынша әуекомпаниялар пайдаланады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная