"Қатты таңғалғаным соншалық, бір орнымда сілейіп қалдым". Алматыдағы таңғажайып мореналық көлдер

Мореналық көлдер - мұздықтың жылжуынан пайда болатын су қоймасы. Бұл түзіліс ойпаң болып келгендіктен, өте тұрақсыз және қауіпті, кез келген сәтте еріп жиналған су төмен ағуы мүмкін. Дегенмен, бұл көлдердің ғажайып сұлулығы қауіптілігіне қарамастан экстремалды демалысты сүйетіндер үшін таптырмас демалыс орны. Осы мореналық көлдердің сұлулығын тамашалау мен онда қалай әрекет ету жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисінің қолдауымен дайындалған материалдан біле аласыз.

Мореналық көлдердің ерекшелігі - олар кез-келген уақытта және әр жерде пайда болып, сосын ізім-қайым жоғалып кетуі . Сарапшылар оларды маусымдық және стационарлық деп бөледі. Алғашқылары пайда болып, жоғалып кетсе, ал кейбіреулерінде су ұзақ уақыт сақталады. Алматы облысында барлығы 45-ке жуық осындай су қоймалары бар.


Фото Григорий Беденко

Морена көлдері хайкинг сияқты (адам аяғы аз түскен жерлерді топпен жүріп өту) туризм түрі үшін өте қолайлы. Түнгі төмен температура мен мұзды суына байланысты мореналық көлдерде демалу экстремалды болып табылады. Бұл жерлерді жетік білетін әскери тілші Григорий Беденконың айтуынша, мореналық көлдерге негізінен тау туризмімен әуестенетіндер мен кәсіби альпинистер келеді.

Фото Григорий Беденко

Мореналық көлдерді тамашалаудың бір қиын тұсы - көбісінде атаулары жоқ. Мысалы, Іле Алатауы аумағында орналасқан көлдер тек нөмірлермен аталады. Саяхатшылар үшін ең маңызды кедергі - олардың кейбіреулері қауіпті, арнасынан асып тасуы мүмкін. Бұл олардың сел қауіп төндіретін жерлерде орналасқандығымен де байланысты.

"Көл кішігірім болса да, қатты сел туғызуы мүмкін. Көлден су ағылғанда, сел бейне бір қар көшкініндей жолындағы ағаштарды, тастарды алып кетеді, содан кейін сел сусыз түседі: үлкен балшық массасы төмен қарай жылжиды. Төмен жылжыған сайын, үлкейе береді", - деп түсіндіреді Григорий Беденко.

Ол 1973 жылы Тұйықсу мұздығында мореналық көл қалай жарылып, одан жойқын сел пайда болғанын баяндады.

"Егер бөгет болмағанда, ол Алматының жартысын ағызып әкетер еді. Бұл бөгет те әрең төтеп берді, шындығында одан асып кетуге бірнеше метр ғана қалған еді", - дейді ол.

Барлығы Алматы маңында биік таулы 45 көл бар, олардың барлығы сандармен белгіленген. № 8, 9 және 10 көлдер (Ақсай өзені бассейнінде), № 1 көл (Қарғалы өзенінің бассейнінде), №10 және №13 көлдер (Үлкен Алматы өзені бассейнінде), сондай-ақ, №6 көл (Кіші Алматы өзені бассейнінде).

"Ең қауіпті көлдерде суды тарту жұмыстары жүргізіледі, бұл жыл сайын жасалып отырады. Оның өзіндік жүйесі қызық, автомобильге бензин құйғандай құбырдан су тартылады. Құбырлар түсіріліп, сорғы жұмыс істеп тұрған жерге су құйылады, сосын өз бетімен жіберіледі", - дейді Георгий.



Мамандар биік таулы көлдер туралы жан-жақты зерттеп, су деңгейін бақылап отырады. Апатты жағдайларды болдырмау үшін мореналық көлдер алдын-ала тартылады. Адамдар мұны ерекше инженерлік шешімдердің көмегімен жүзеге асырады. Суды тарту процесі осындай болып келеді.


Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев және Алматы ТЖД

Қауіпке қарамастан, білікті туристер осы сирек кездесетін сұлу көлдерді тамашалау үшін тауларға көтеріледі. Туристерге ең жақын жер - Мәншүк Мәметова (басқа атауы - №6 көл) мұздықты көлі.

Фото Григорий Беденко

Мәншүк Мәметова көлі

Бұл көл Алматыдан оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде, Іле Алатауының аумағында, Кіші Алматы шатқалында теңіз деңгейінен 3600 метр биіктікте орналасқан. Алматы тұрғыны Аиданың айтуы бойынша, оған келесі бағыт бойынша жетуге болады: "Медеуге" жетіп, одан кейін "Шымбұлақ" тау шаңғысы базасымен "Тұйықсу қақпасына" дейін көтеріліп, ары қарай "Мыңжылқы" метеорологиялық станциясына дейін бірнеше шақырым жаяу жүріп, "Альпинград" шатқалына жетіп, сол жерден Мәншүк Мәметова мұздықты көліне жаяу баруға болады. Орта есеппен алғанда, бағыттың ұзақтығы үш-бес сағатқа созылады, бірақ жаяу жүру жылдамдығына да байланысты,- деп атап өтті Аида.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от девочка-морж (@aidoojohn_)

Көлге серуендеп бару сол сирек кездесетін табиғи ландшафттың сұлулығын тамашалауға тұрарлық.

"Мәншүк Мәметова көліне міндетті түрде барыңыз. Өте әдемі жер. Мен бұл көріністі көргенде бір орнымда сілейіп қатып қалдым", - дейді саяхатшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kima (@kima_yel)

"Мәншүк көлі басқа көлдер сияқты оған көтерілер жолымен қызықты. Жол бойындағы көріністер де тамаша", - дейді көлге барып қайтқан саяхатшы.

Алматының тағы бір тұрғыны Екатерина да көлге апарар жолда көретін тамаша пейзаждар туралы айтады.

"Мен бұл көлде бірнеше рет болғанмын. Өте әдемі. Біздің таулардағы ең әдемі бағыттардың бірі, егер сіз Шымбұлақтан бастасаңыз, Мыңжылқыға барар жолда ең әдемі таулардың, жартастардың көрінісі ашылып, одан әрі биікке көтерілгенде Мәншүк Мәметова, 28 панфиловшы және Тұйықсу шыңдары ашылады", - дейді ол.

Өзіңмен бірге не алу керек және қалай киіну керек?

"Күннен қорғайтын жақпамайы мен бас киім, жылы күртеше, ыңғайлы аяқкиім алыңыз, егер ол болмаса, онда қатты табанды кроссовкалар алыңыз, бірақ сізге жұқа аяқкиім, суға шомылатын киім киюдің қажеті жоқ, 1-1,5 литр су мен шай, жеңіл тағамдар, жеміс-жидек, шоколад, жаңғақтар, печенье алсаңыз жеткілікті. Көп мөлшерде су алудың да қажеті жоқ. Басыңыз айналатын болса, аспирин алғаныңыз жөн", - деп кеңес береді Аида.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от девочка-морж (@aidoojohn_)

Қызықты дерек

Бұл көл Мәншүк Мәметова көлі деп Екінші дүниежүзілік соғыстың батыр қызы, пулеметші Мәншүк Мәметованың құрметіне аталды. Мұздық жақын маңда орналасқан, көлді суландырып және мөлдір қабырға түзеп, жағалау құрайды. Көлдің қалың мұзы тек маусым айында ериді. Сонымен бірге көл ауа-райын мен мезгілге байланысты ақшыл сарыдан көгілдір көкке дейін түсін өзгертіп отырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??Iren??♈️ (@bryunetka83)

"Жалпы, Көк-Жайлауға немесе Фурманов шыңына жаяу барғандар үшін бұл көлге серуендеу қиын емес. Жаяу серуендеу шамамен төрт сағатты алады, одан алған әсерлер ерекше. Жылдың кез келген уақытында көл керемет әдемі, ал жазда, күзде және қыста ол әрдайым түсін ашық көк түстен көгілдірге өзгертеді. Қыста мұз қатып қалады, ол да өте әдемі көрініс береді", - дейді алматылық турист Екатерина.

Әрине, Мәншүк Мәметова көлі жаяу серуендеуге болатын жалғыз орын емес. Жаяу серуендеуге арналған тағы бірнеше жерді ұсынамыз.

Тұйықсу мұздығы

Тұйықсу мұздығы осы аттас шатқалда орналасқан. Одан Кіші Алматы өзені ағып шығады. Мұнда 2450 метр биіктікте альплагерь орналасқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мир Алматинских гор ? (@gornyi_malchik)

"Мені бұл шатқалда таңғалдырғаны - көріністер және тек әдемі көріністер. Ғажайып сұлу болды", - деп өз әсерімен бөліседі әлеуметтік желіні қолданушылардың бірі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?Алма-Ата ? Казахстан ?? (@alma_ata_qz)

"Локомотив" көлдері

Локомотив мұздығының мореналық көлдері Құмбелсу шатқалының ең жоғарғы жағында орналасқан. Бастапқы нүктесі - "Альпийская Роза" қонақүйі. Оларға жету үшін жеті шақырымдай жаяу жүруіңіз керек, сондықтан бұл бағытты тек тәжірибелі туристерге ұсынады.

Жолда Шұкыр шатқалының айлы алаңқайына, Скалистый шыңына, Космостанцияға, Советов, Молодежный шыңдарының әр қырына, Локомотив шыңына және Локомотив мұздығының мореналық көліне әдемі көрініс ашылады.

Туроператорлар саяхаттаушыларға бір литр су, термос, шұлық, күртеше, бас киім, плащ, жапсырма, шоколад, көкөністер мен су өткізбейтін аяқ киім алып жүруге кеңес береді. Спорттық киім кию қажет екенін де ескертеді.

"Локомотив" көлдерінің жанында №13 мореналық көлі орналасқан.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.