Қатон-Қарағай ұлттық паркінде өрт толықтай сөндірілді - ШҚО ТЖД

Қатон-Қарағай ұлттық паркіндегі өрт толықтай сөндірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Шығыс Қазақстан обылысы ТЖ департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қатон-Қарағай ұлттық паркіндегі өрт толықтай сөндірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Шығыс Қазақстан обылысы ТЖ департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Катонқарағай ауданы Сенное ауылынан 3 шақырым жердегі "Катонқарағай ұлттық табиғи паркі" РММ Ақсу филиалы (Усть-Язовое орманшылығы, 4 квартал) аумағындағы өрт 2023 жылғы 19 маусымда сағат 12.00-де 15 га ауданында сөндірілді", - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Реклама
Реклама

Қатон-Қарағай ұлттық паркінде 17 маусымда өрт басталды. Техника жүруге қолайсыз аймақтарда қураған шөп пен бұтақтар өртенген.

Қатон-Қарағай ұлттық паркі - Қазақстанның ең ірі паркі. Ол ШҚО аумағында орналасқан және Ресеймен шектеседі. ЮНЕСКО-ның ерекше күзетілетін мұрасына енген.

Сурет Шығыс Қазақстан обылысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінен

Осыған дейін ШҚО-да тағы бір қорық өртенгені айтылған еді. Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорықта, Риддер қаласының маңында өрт шыққан еді.

"Риддер қаласынан 80 шақырымдағы "Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ (67 квартал) аумағында болған өрт 2023 жылғы 19 маусымда сағат 14.00-де 6 гектар аумақта сөндірілді", - делінген хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная