Катар мен Қазақстан арасында тікелей рейс ашылып, визасыз режим қалпына келеді

Доха, Катар ©Shutterstock

Қазақстан мен Катар Доха - Алматы - Доха бағыты бойынша тікелей әуе рейсін ашуды және 30 күнге дейін визасыз режимді қалпына келтіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Қазақтуризм" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Катар Доха - Алматы - Доха бағыты бойынша тікелей әуе рейсін ашуды және 30 күнге дейін визасыз режимді қалпына келтіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Қазақтуризм" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегация Катар билігімен және бизнес-қауымдастығымен 2021 жылдың қазанында Qatar Airways әуекомпаниясы аптасына екі рет жиілікпен Доха - Алматы - Доха бағыты бойынша тікелей әуе рейсін іске қосатынын келіскен. Сондай-ақ, екі елдің азаматтары үшін 30 күн мерзімге визасыз режим қолданылатын болады.

Реклама
Реклама

Іскерлік кездесулер аясында тараптар туризм саласындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуға назар аударды.

"Кездесу барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясының өкілдері елдің туристік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері, әсіресе топ-10 территориясы (Бурабай, Баянауыл, Имантау-Шалқар, Маңғыстау курорттық аймақтары, Алакөл және Балқаш көлдері, Нұр-Сұлтан және Түркістан қалалары, Алматы тау кластері және Байқоңыр ғарыш айлағы) туралы айтып берді", - деп хабарлады "Қазақтуризм" ҰК"АҚ.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная