Каспий теңізінің жағасындағы қоқыс үйіндісі видеоға түсірілді

Каспий теңізінің жағасында қоқыс жиналып қалған. Блогер Азамат Сәрсенбаев оны видеоға түсірді, - деп хабарлайды Kaztengritravel.kz тілшісі.

Видеодан Каспий жағалауының қоқысқа толып қалғанын көруге болады: пластик ыдыстар, целлофан пакеттер және басқа қоқыс Ақтаудан 24 шақырым жерде жатыр. 

"Өкінішке қарай, жылдан-жылға бұл жағалау қоқыс алаңына айналып бара жатқанын көремін. Мұнда келген адамдар, негізінен, көлігін жағадан 200 метр қашықтықта қалдырады, содан соң азық-түлік, сусындар және үй ыдыстарын шығарып, пикник жасайды... Таза ауада пикниктен кейін қалған қоқысты тасуға ерініп, оны бір жерге үйіп қалдырып кетеді. Өйткені қоқыс жинайтын еріктілер бар ғой (осындай көзқарас)", - деп жазды Азамат Сәрсенбаев.

Блогердің айтуынша, мұндай қоқыс тек жағажайда ғана пайда болған жоқ. Мәселе Маңғыстау облысының туристік мекендері - Тамшалы, Бозжыра, Жығылған, Самал, Шерқала шатқалдарына және туристер арасында танымал басқа да жерлерге қатысты болып отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Сондай-ақ, Азамат Сәрсенбаев Желіде пост жазып, жұртшылық пен биліктің назарын облыстағы қоқысқа бірнеше рет аударғанын атап өтті. Алайда, оның айтуынша, олардың тарапынан ешқандай әрекет байқалмаған.


Фото: Саин Шапағатов ауылдық округ әкімдігі

Kaztengritravel.kz тілшісі Саин Шапағатов ауылдық округінің әкімдігіне қоқыс үйіндісіне кім жауапты екенін және туристер арасында неге осындай танымал орынға қоқыс жәшіктері орнатылмағанын білу үшін жүгінді.

"СтройИнвест 2020" компаниясы тұрақты негізде санитарлық тазалауға жауапты, жағалауды, соның ішінде ауыл тұрғындарының демалыс орындарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізуде. Ертесі таңертең компания қызметкерлері аумақты толық тазалады.

Жазғы маусымда демалушылар көп болғандықтан, осынша қоқыс жиналып қалады. Айта кетейік, бұл жағажайға біздің тұрғындар ғана емес, басқа өңірлерден, Ақтаудан да азаматтар келеді. Мен олармен өзім кездестім, сөйлестім. Қарапайым санитарлық нормаларды түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Демалушылардың өздері жауапкершілік танытып, қоқыс жинап, сол арқылы жас ұрпаққа үлгі көрсетуі өте маңызды.

Сондай-ақ, жағажай аумағының көп бөлігі жеке кәсіпкерлердің иелігінде екенін атап өткім келеді (бұл шағын демалыс аймақтары). Біз тазалықты сақтамайтын, қоқыс шығаруға немқұрайлы қарайтын кәсіпкерлерге қатысты шаралар қабылдау үшін Экология департаментіне хат жолдадық. Қазір мораторийге байланысты мемлекеттік органдар айыппұл сала алмайды, тек ескертулер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тура келеді", - деп жауап берді Саина Шапағатов ауылдық округінің әкімі Сайран Қылыш.

Азамат Сәрсенбаевтың видеосына қатысты Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіндегілер де пікір білдірді.

"Қазақстандықтар, демалушы азаматтар, сіздерден өтінеміз: пакет алып, өзіңіз тастаған қоқысты жинауға жалқауланбаңыз, балаларыңыздың тазалығы мен тәртібін кішкентай кезінен бастап үйде ғана емес, барлық жерде де үйретіңіз. Жаңа Экологиялық кодексте қоқыс тастаған азаматтар үшін жазалау шаралары күшейтілді.

Жаңа Экокодекстің 344-бабына сәйкес ("қалдықтарды басқару бойынша экологиялық талаптарды бұзу") қалдықтар үшін айыппұлдар қатаңдатылды, жаңа ережелер осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді (заңды бұзу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасына байланысты 40 АЕК - 116 680 теңгеден 500 АЕК - 1 458 500 теңгеге дейін және одан көп). Бұл қазір демалыс және табиғатқа шығу маусымы қызған кезде өте өзекті", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.