Каспий теңізінің жағасында ерекше ақ кемпірқосақ фотоға түсірілді

Ақтау қаласының тұрғыны Каспий теңізінің жағалауында ақ кемпірқосақты суретке түсірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Суретші, саяхатшы Ольга Михайлова таңертең қала маңындағы құм төбешікте ерекше құбылысты байқаған. Ол оны суретке түсіріп, Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Оля Михайлова (@olya.mix)

"Каспийдің үстінде ақ рокер ілулі тұр. Елес кемпірқосақ деп аталатын ерекше табиғи құбылыс, сонымен қатар ақ, бұлтты, түтінді, тұманды кемпірқосақ! Google көмектеседі", - деп жазады Ольга.

Тұманды кемпірқосақ - өте сирек кездесетін құбылыс. Әдеттегіден айырмашылығы, бұл кемпірқосақ тұман нәтижесінде пайда болады. National Geographic бұл жарықтың бірдей сынуы деп түсіндірді, бірақ тамшылардың мөлшері жарықтың әртүрлі түске түсуіне жол бермейді - олар өте кішкентай. Сондықтан ақ елес көпірі пайда болады. Белгілі бір ауа райы жағдайында мұндай кемпірқосақты күнге арқаңды беріп, тұман жағына қараған кезде көруге болады.

Фото: Ольга Михайлова

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!