Қаракөл көлінде аққулардың қырылуы: Ақтауда өлі құстар табылды

Фото: t.me/ladakz

Маңғыстауда аққулардың қырылуы: Ақтауда құстар өлексесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстауда аққулардың қырылуы: Ақтауда құстар өлексесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір күн бұрын табылған аққу өлекселерінің саны 828-ге жеткені хабарланған болатын.

"Өлі аққулар тек Қаракөл көлінде ғана емес, қала ішінде де табылып жатыр. Бұл суретті оқырманымыз Ақтаудағы бірінші шағынауданда түсірген", - деп хабарлайды Lada.kz.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Қаракөл көлінде аққулардың қырылуының себептерін анықтау үшін құрылған қоғамдық комиссия мүшесі Әділбек Қозыбақов Facebook-парақшасында құстардың қырылуына құс тұмауы себеп болғанын жазған болатын. Зертханалық зерттеулер арқылы дәлелденгені айтылды.

"Құс тұмауының кейбір түрлерінің вирустары адамдар үшін де, құстар үшін де қауіпті болуы мүмкін. Бірақ қандай да бір себептермен әлі карантин жарияланған жоқ, Қаракөл көлі келушілер үшін жабылған жоқ. Осы тақырып төңірегіндегі резонанс салдарынан Қаракөлге күн сайын түрлі журналистер, блогерлер, белсенділер және көл жағасынан өткен қарапайым азаматтар келеді. Олар жағалауды жағалап, құс саңғырығын басып жүр. Одан үйлеріне құс тұмауының вирусын апаруы мүмкін", - деген еді Әділбек Қозыбақов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная