Қарағандыдағы зообақта маймылдар мен валлаби тұқымдасы пайда болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бразза маймылдар отбасы қазір екі жаңа қоршауда тұрады. Бұл Чехиядағы Хлебы қаласының зоологиялық саябағы жасаған сый.
Чехия хайуанаттар бағынан бір жұп валлаби де сатып алынды. Бұл кенгуру тұқымдас, бірақ көлемі жағынан кішірек. Жануарлар табиғатта өте сирек кездесетін альбинос саналады.
"Қарағанды хайуанаттар бағында мұндай маймылдар ешқашан болған емес. Қазір олар арнайы дайындалған екі қоршауда тұрады. Сөрелер, баспалдақтар, әткеншектер бар. Біз оларға үй салдық. Бұл бәрін жейтін маймылдар. Олар тұқымдарды, жаңғақтарды, маусымдық жемістерді, банандарды, апельсиндерді жейді. Оларға біз хайуанаттар бағында өсірген асқабақ пен цуккини ұнайды. Біз қайнатылған ет пен балықты береміз. Олар айран ішіп, сүзбе жегенді ұнатады", - дейді хайуанаттар бағының директоры Гүлнара Адамбекова.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!