Қарағанды мен Мәскеу (Ресей) арасындағы жолаушылар тасымалы қашан жанданатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылдың желтоқсанында.
"17 желтоқсанда Қарағанды – Мәскеу бағыты бойынша № 83/84 халықаралық жедел пойызы аптасына екі рет кезеңділікпен жүруді қайта бастайды. Қарағандыдан жөнелту сейсенбі және сенбі күндері, Мәскеуден сейсенбі және жұма күндері жоспарланған. Пойыз Қарағанды, Астана, Көкшетау, Петропавл, Челябинск, Уфа, Самара, Пенза және Мәскеу сияқты ірі қалаларда тоқтайды", – деді баспасөз қызметі.
Құрамда купе және плацкарт вагондары, сондай-ақ денсаулық ерекшеліктері бар жолаушыларға арналған арнайы орындар көзделгені нақтыланады. Компания мәліметінше, билеттерді жөнелтуден 45 күн бұрын сатып алуға болады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!