Қарағанды - Балқаш тасжолындағы айналма жолдар жыл соңына дейін жойылады

Қарағанды - Балқаш тасжолындағы айналма жолдардың саны 94 пайызға қысқарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды - Балқаш тасжолындағы айналма жолдардың саны 94 пайызға қысқарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания өкілдері ауқымды жұмыстардың нәтижесінде Қарағанды - Балқаш тасжолында 70 шақырымнан астам асфальт төселгенін, ірі жасанды құрылыстардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Бұрын айналма жолдардың жалпы ұзындығы 148 шақырымды құраса, қазір небәрі 9 шақырым ғана қалды. Қалған айналма жолдарды осы жылдың соңына дейін жоюды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Қызылқой және Нұраталды ауылдары арасындағы жолы нашар учаскеде жұмыстар жүргізілді. Мұнда екі жолақ бойынша қозғалыс ашылды. Жұмыстарды үш негізгі бағыт бойынша жүргіземіз: айналма жолдарды жоямыз, көпірлер мен мал өткелдерін салу жұмыстарын жалғастырамыз және асфальт төсейміз. Қазіргі уақытта жол - 260 шақырым. Шарт талаптарына сәйкес жұмыстарды толық аяқтау 2023 жылдың соңына жоспарланған", - деп атап өтті "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Сырым Хамзин.

Реклама
Реклама

"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ Қарағанды облыстық филиалы басшысының мәліметінше, өңірде жол бойындағы сервис объектілерін одан әрі дамыту үшін 19 демалыс алаңы дайындалды. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін Қарағанды - Балқаш тасжолының бойында әрбір 100-150 шақырым сайын А және B санатындағы жол бойындағы сервистің үш объектісі орналасады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная