"Қара інжу-маржан" және емдік бұлақтар. Маңғышлақ келушілерді қандай су байлығымен таңғалдырады?

Фото @kattyontheroad

"Шөл дала, қылт еткен шөп жоқ, тас пен құм, бір тал ағаш болсашы - ол да жоқ", - деп жазған екен украиналық ақын Тарас Шевченко Маңғышлақ жайлы. Ол бұл аймақты "Қорғандар даласы" деп атапты. Шынында, қайда қарасаңыз да, сары құмды дала, сескеуіл мен қалың құм. Бірақ осы шөлді далада ғажайып су қоймалары мен құмды бойлай аққан емдік бұлақтар барына таңданасыз. Соңғы уақытта бұл аймақ жергілікті туристерді ғана емес, шетелдік туристерді де қызықтырып отырғаны анық. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Маңғышлақтың ғажайып су қоймалары туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Шөл дала, қылт еткен шөп жоқ, тас пен құм, бір тал ағаш болсашы - ол да жоқ", - деп жазған екен украиналық ақын Тарас Шевченко Маңғышлақ жайлы. Ол бұл аймақты "Қорғандар даласы" деп атапты. Шынында, қайда қарасаңыз да, сары құмды дала, сескеуіл мен қалың құм. Бірақ осы шөлді далада ғажайып су қоймалары мен құмды бойлай аққан емдік бұлақтар барына таңданасыз. Соңғы уақытта бұл аймақ жергілікті туристерді ғана емес, шетелдік туристерді де қызықтырып отырғаны анық. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Маңғышлақтың ғажайып су қоймалары туралы баяндайды.

Ғалымдар миллиондаған жылдар бұрын бүкіл Маңғыстау облысы ежелгі Тетис мұхитының түбінде болған деп болжайды. Бұл ландшафттың алуан түрлілігін айқындайтындай: үстірттер, ойпаттар, шөлдер, таулар мен тау жоталары. Сондай-ақ ерекше су қоймалары мен бұлақтары тағы бар. Мысалы, Ақтаудан солтүстікке қарай 90 шақырым жерде, Каспий жағалауында таңғажайып Саура көлі бар, ол су құйылған тостағанға ұқсайды. Ол жан-жағынан құятын ұсақ ағыстармен көбейеді. Көлде тасбақалар тіршілік етеді. Көл өзі аттас шатқалда орналасқан. Үш жағынан оны биіктігі 50 метрге жуық шаңырақ тәрізді тік тас қабырғалар қоршап тұр.

Реклама
Реклама

Жергілікті ақсақалдар "Қара інжу-маржан" туралы аңыздар айтады (бұл көлді осылай атайды). Көлді осы шатқалмен төмен түсіп, өз қайғысына батқан әйелдің көз жасы дейді екен.

Мұнда "өлі" көл де бар, ол Ақтаудан онша алыс емес Жығылған мүйісі аймағында орналасқан. Сирек көрініс: сары құмдар мен құрғақ сексеуілдердің арасында аққан бұлақ. Кейде су айдыны жүрек пішінін елестетеді.

Ол Қозықара деп те аталады, оның шығу тарихы белгісіз, бірақ ол туралы да аңыз бар. Жергілікті тұрғындар көлге қошқар түсіп кетсе, біраз уақыттан кейін ол Каспий теңізінде жүзіп бара жатады дейді.

Термалды бұлақтар бұл жерлердің құпия көріністерінің бірі болып саналады. Ғалымдар оларды өткен ғасырда ашқан, бірақ әлі толық зерттелген жоқ. Шөлді алқаптың тұрғындары шөлдегі бұлақтар туралы: "Әлдекім жастық берер зәм-зәм суын жерге ағызған",- дейді екен. Шынында да, мұндағы тұзды су денені ғана емес, жанды да емдейді. Суға шомылып, әдемі көріністі тамашалап, күйбең тіршіліктің уайымынан арыласыз.

"Маңғыстаудың шөл даласында сыңғырлаған бұлақтар бар. Туған жеріміз таңқалдыруын қоймайды. Бір қарағанда, бәрін көрдік, барлық жерде болдық. Үстірттің барлық негізгі қазыналары бізде бірнеше рет зерттелген. Бірақ, олай емес екен. Маңғыстаудың құпия жерлері тағы бар болып шықты. Сондай жердің бірі көз алдарыңыздағы суретте бейнеленген. Қызыл таспен қоршалған күкіртті көгілдір су көздері. Бұл әдемі көрініс қана емес, (айналасында жүздеген шақырымға созылатын біртекті сұр табиғат бар), сонымен бірге адам денсаулығы үшін де өте пайдалы орын," - деп саяхатшы Екатерина Кошко өз әсерімен бөліседі.


Фото Асель Абди

Қазақстандықтар арасында Маңғыстау аймағын аралап, жаңа қызықты көріністер іздеуді ұнататындар көбейіп келеді. Солардың бірі - Ақтау қаласының тумасы Әсел Әбді. Туған жерге саяхаттау - оған деген үлкен сүйіспеншілік, ол әсерімен басқалармен бөліседі.

"Сіз мұнда көліксіз жете алмайсыз. Бұл жерлерге автобус, такси, велосипедпен жету мүмкін емес және қанша уақыт кететінін білмейсіз. Джип-турды арнайы агенттіктерден жалдауға болады. Бұл аймақ Жаңа Әулие деп аталады, ол Бекет ата мен Шақпақ ата арасында орналасқан. Ежелгі қорымдар өте көп. Олардың түбінде көгілдір жылу қоймалары орналасқан. Менің ойымша, олардың бары туралы адамдар біле бермейді", - дейді Әсел.


Жаңа Әулие. Фото Асель Абди

"Бұлақтар туралы аңыз жоқ. Шипалы су жерден шығады және көптеген ауруларды, соның ішінде аллергияны да емдей алады. Мұнда көктемнің соңында немесе жазда келген жақсы. Қыста желді болады, ал жаздың аяғы тым ыстық", - дейді саяхатшы.

"Өзімді Хоккайдо тауларындағы ыстық қайнарларда шомылып жатқан жапон маймылындай сезінемін", - деп жазыпты Маңғыстау облысының даңқын қызғылт фламинго арқылы дәріптеген жергілікті тұрғын Азамат Сәрсенбаев Instagram парақшасында.

Температурасы жағынан бұл жылу ұңғымалары ең ыстық Камчатка су көздеріне жақын. Олардың арасында ең танымалы - 21-ұңғыма, оны "радонды фонтан" деп атайды, ол жергілікті тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының бірі. Ол Құйылыс кен орнында орналасқан. Сонау Кеңес заманында жергілікті су әбден зерттеліп, оның химиялық құрамы әйгілі "Ессентуки 17" -ге сәйкес келеді деп танылған.

Сондықтан көптеген туристер осы суға шомылуға келеді. Олар буын ауруларын, омыртқаның қабыну ауруларын және невралгияны емдеуде пайдалы деп саналады. Бұл терапия тыныс алу және тері аурулары үшін де қажет. Жолға шықпас бұрын дәрігеріңізбен кеңескен дұрыс екенін ескертеміз.

Адамдар мұнда келгенді жақсы көреді, бірақ туристерге арналған жайлылық жоқ десе болады. Мысалы, "Ивушка" демалыс базасының жанында орналасқан Шевченконың белгілі радон көзі. Мұнда кез келген адам суда отырып, емдік балшық жағады. Қолайсыздық кедергі болмаса, суды қоршаған тот басқан қоршау, шатыр жоқ және бассейнге апаратын қауіпсіз жол да қарастырылмаған.


Видео Youtube/Maksat Akmurat

Өкінішке орай, облыста туристік орталықтар, қонақүйлер мен демалыс орындары көп емес. Бірақ шөлді аймақтарға, қорымдар мен су қоймаларына экскурсия ұйымдастыратын көптеген туристік компаниялар бар. Сізге алдымен Ақтауға жету қажет, сосын Маңғыстау облысының сұлулығы сізге айқара ашылады.

Соңғы жарлыққа сәйкес, Маңғыстау мен Атырау облыстары арасында санитарлық пост құрылатынын ескертеміз. Атап айтқанда, Бейнеу ауданы, көршілес облыспен шекаралас Боранқұл елді мекенінде кіру шаралары күшейтіледі. Оған Атырау облысының коронавирус көрсеткіштері бойынша "қызыл" аймаққа кіруі себеп болды деп хабарланды.

Сондықтан, осы жерлерге жол жүрмес бұрын, эпидемиологиялық жағдаймен танысуға кеңес береміз. Оны сіз мына жерден көре аласыз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная