Қар адамы мен арқарлар. Ең көне Ақсу-Жабағылы қорығы келушілерді несімен қызықтырады?

Бұл қорықтың атауы Ақсу және Жабағылы өзендерінен алынған. Жартастағы суреттер ежелгі дәуірден бері сақталған, сонымен қатар, сіз арқарларды тамашалап, бүркіттер мен күшігендердің ұшуын бақылап серуендей аласыз. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Ақсу-Жабағылы ұлттық қорығы туралы және осы ғажайып жер жайлы аңыз-әңгімелерді баяндайды.

Ақсу-Жабағылы ұлттық мемлекеттік қорығы Қазақстандағы ең алғашқы және ең көне қорғалатын аумақ болып саналады, 1926 жылдан бастап мұндағы мамандар фауна мен флораның дұрыс сақталуын қадағалап келеді. Осы жылдар ішінде қорықтың барлық сұлулығын тамашалауға болатын ондаған туристік маршруттар жасалды. 2016 жылы Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО-мен қорғалатын биосфералық қорықтар тізіміне енгізілді.

Сурет aksu-jabagly.kz сайтынан

Мұнда сұлу Баянның жүрегі жараланды. Сабындыкөл жайлы әдемі аңыз

Қорық өз атауын екі терең Ақсу және Жабағылы өзендерінен алды. Олардың біріншісі 120 шақырымға созылып, үлкенді-кішілі болып екіге бөлініп, өзі аттас әдемі шатқал құрған.

Сурет aksu-jabagly.kz сайтынан

Бұл жерде шамамен үш мың метр биіктікте тасқа салынған суреттер галереясы мен палеонтологиялық орындар бар, олар әлі күнге дейін ғалымдар мен саяхатшылардың үлкен қызығушылығын тудырады. Тастағы суреттер сол кездегі үй және жабайы жануарларды, күнделікті өмірі мен ежелгі адамдардың аң аулау көріністерін бейнелейтін сурет галереясын құрады.

Тақтатасты шөгінділерден жер шарының ең көне жануарлары - кесірткелер, жәндіктер, балықтар мен өсімдіктердің тасқа айналған іздерін көруге болады.

Қорық жайлы аңызда бар, ол бойынша қорықтың бұрынғы қызметкері алып жүнді құбыжықты көріп қалады, оның іздері қарға түскен, халық арасында оны "қар адамы" деп атайды. Ал жергілікті тұрғындар "жезтырнақ" атап кеткен.

Мүмкін бұл аңыз емес, шындық оқиға болар, қорықтың қарт орманшылары туристер мен жолаушыларға түнде тау қойнауында қалып түнеуге тыйым салып жатады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қар адамы кездескенді есінен тандырып, тіпті бір зиян келтіруі де мүмкін екен. Туристерді одан әрі үрейлендіріп, кейде бір орманшының алыстан алып маймылға ұқсас жүндес бірдеңені көзі шалып қалғандығын да айтып жатады.

Сурет aksu-jabagly.kz сайтынан

Қорықта палеонтологиялық аймақтар сақталған, онда Юра дәуірінде осында тіршілік еткен жануарлардың қалдықтарын ұшатын кесіртке қаңқасы мен динозаврдың бөліктерін көруге болады.

Айналасынан сіз ерекше сталактит үңгірлерін, ортағасырлық Исфиджаб пен Шарафкент елді мекендерін, қасиетті Байбарақ бұлағын және Жабағылы өзені бойындағы ежелгі қорғандарды көре аласыз.

Сурет aksu-jabagly.kz сайтынан

Сондай-ақ, қорықта биіктігі төрт мың метрден асатын тау шыңдары бар, мысалы, Сайрам шыңы (4238 метр), оны Ақтүйеөлген немесе "жатқан түйе" деп те атайды. Табиғи жердің дәл өзегінде биіктігі 3926 метр болатын Бұғылтөр тауы орналасқан. Қорықта жүзден аса мұздықтар мен 27 шағын көл бар.

Сурет aksu-jabagly.kz сайтынан

Жабағылы өзенінің бойымен өтетін бағытпен жүру арқылы сіз табиғаттың әсемдігіне қайран қаласыз. Ашық ауа-райында тау шыңдары мен қорық аңғарының тамаша көрінісі ашылады. Сіз арша орманы арқылы өтетін бағытпен саяхатқа шығуыңызға болады, жол бойында Кіші-Қайыңды сарқырамасын тамашалап, арқарлар тобын бақылап, бүркіт пен күшігеннің ұшуын бақыласаңыз болады.

Сәтін салса, Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюын, Түркістан сілеусіні мен қар барысын көруге болады.

Сурет aksu-jabagly.kz сайтынан

Көктемнің соңында иридодиктиум, ерекше құртқашаш-бәйшешектің, қорықтың тұмарына айналған Грейг қызғалдағы мен Колпаковский және Кауфман нәзік қызғалдақтарының қалай гүлдейтінін тамашалауға болады.

Саяхаттауға ең қолайлы уақыт

Ақсу-Жабағылы қорығындағы туристік маусым сәуірден қазанға дейін созылады, тамыздың ең ыстық күнінде ауа температурасы 21 градусқа дейін көтеріледі. Туристерге жаяу серуендеу, атпен серуендеу және велосипедпен жүру бағыттары ұсынылады, бірақ олардың көпшілігінде көлікпен жүруге болады.

Қорыққа кіруге рұқсатты әкімшіліктен алуға болады, гидтің міндетті қызмет көрсету құны шамамен - 2000 теңге, қорыққа бару үшін төлем шамамен 500 теңге. Сіз жергілікті қонақүйде тұра аласыз, онда туристерге бөлек бөлмелерде демалу және үш мезгіл тамақтану ұсынылады.

Сурет aksu-jabagly.kz сайтынан

Сіз қолайлы бағытты осында немесе мына жерде таңдай аласыз.

Қалай табуға болады

Ақсу-Жабағылы Батыс Тянь-Шаньдағы Талас Алатауының тауларында орналасқан, бұл Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы, іс жүзінде Қырғызстанның Талас облысымен шекарасында орналасқан.

Сіз демалыс күндеріне немесе одан да ұзақ уақытқа туристік топпен серуендей аласыз. Қорықтың әкімшілігі Жабағылы ауылында орналасқан, мұнда пойызбен (Түлкібас станциясы), Алматы немесе Шымкенттен автобуспен жетуге болады.

Сурет aksu-jabagly.kz сайтынан

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.