Қаңтар оқиғасы Қазақстандағы әуе тасымалына қалай әсер етті

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінде қаңтар оқиғасы Қазақстандағы әуе тасымалына қалай әсер еткені туралы айтылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінде қаңтар оқиғасы Қазақстандағы әуе тасымалына қалай әсер еткені туралы айтылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қаңтардағы оқиға кезінде Алматы әуежайы басып алынғаны белгілі. Осыған байланысты оның жұмысы тоқтатылды. Басқа қазақстандық әуежайлардағы ішкі және халықаралық әуе рейстері тоқтатылды және кейінге қалдырылды.

Авиация комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-ақпанында қазақстандық компаниялар бір миллион 146 мың жолаушыға қызмет көрсетті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен бірдей. Өсудің болмауына Алматы қаласындағы қаңтар оқиғасына байланысты отандық әуекомпанияларының рейстері мен бірқатар әуежайдың қызметі уақытша тоқтатылуы себеп болды.

Реклама
Реклама

Бүгінде ішкі әуе рейстер аптасына 605 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша орындалады.

23 елмен халықаралық рейстер қайта жанданды (Түркия, БАӘ, Өзбекстан, РФ, Грузия, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзербайжан, Катар, Кувейт, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Үндістан, Вьетнам, Ұлыбритания). Бұл 63 бағыт бойынша аптасына 212 рейс бар.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная