Қанша қазақстандық Жаңа жылды ұшақ бортында қарсы алады?

Ирония судьбы, или С легким паром фильмінен үзінді

31 желтоқсанда ұшудан артық романтика бар ма? Әсіресе кеңес заманындағы ұмытылмас жаңажылдық киноклассиканы еске алатын болсаңыз. Kaz.tengritravel.kz тілшісі Жаңа жыл қарсаңында қанша қазақстандық Женя Лукашиннің оқиғасын бастан кешіруі мүмкін екенін білді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

31 желтоқсанда ұшудан артық романтика бар ма? Әсіресе кеңес заманындағы ұмытылмас жаңажылдық киноклассиканы еске алатын болсаңыз. Kaz.tengritravel.kz тілшісі Жаңа жыл қарсаңында қанша қазақстандық Женя Лукашиннің оқиғасын бастан кешіруі мүмкін екенін білді. 

Осылайша, SCAT, Qazaq Air және "Эйр Астана" әуекомпанияларының мәліметінше, 31 желтоқсанда кемінде 11 591 әуебилеті сатылған. Сонымен қатар, сатылымда әлі де билеттер бары айтылады, сол себепті 31 желтоқсанда ұшатын жолаушылар саны еселенуі мүмкін. 

Реклама
Реклама

"Эйр Астана" - 8 мыңнан аса жолаушы, оның 700 жолаушысы халықаралық рейс

SCAT - 2 266 жолаушы (40 рейс). 

Qazaq Air -  1 325 жолаушы (25 рейс) 

Сондай-ақ, отандық әуетасымалдаушылар өкілдері барлық рейстер түнгі сағат 12-ге дейін орындалатынын атап өтті. Яғни, барлық жолаушылар 2021 жылдың келуін келу пунктінде қарсы алады деген сөз. 

Fly Arystan әуекомпаниясына келетін болсақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық лоукостерде 31 желтоқсанға 21 рейс жоспарланған. Алайда жолаушылардың күтілетін саны туралы мәлімет жоқ. Сондай-ақ, ИИДМ 31 желтоқсанға арналған үш халықаралық рейс туралы хабарлады:

- Ташкент - Нұр-Сұлтан ("Эйр Астана"),
- Дубай - Алматы ("Эйр Астана"),
- Дубай - Алматы (Fly Dubai).

"Ленинградтан бір-ақ шықпас" үшін, еске салайық, рейстердің ұшу уақыты мен күндерін мына жерден немесе әуекомпаниялар мен әуежайлардың сайттарынан біле аласыздар. 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная