Алматы облысында фотоқақпан екі тау текесінің сүзіскен сәтін түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Видео Шарын ұлттық табиғи паркінің Instagram-аккаунтында жарияланды. Жануарлар әлеміндегі бұл әдемі көрініс желі қолданушыларын қызықтырды.
Жариялымда видеоға түсіп қалған сібір тау текелері екені нақтыланды.
Публикация от Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (@charyn___official)
Пост асытнда қолдауншылар тамсанған пікірлерін қалдырды.
"Ах қандай кербездік", "Әдемі", "Ғаламат әдемілік", - деп жазыпты желі қолданушылары.
Дегенмен видео Шарында түсірлгеніне сенбейтіндер де табылды.
"Видео Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, Үлкен Бұғыты тауларындағы фотоқақпанға түсірілді, оны зоология институтының мамандарымен бірге былтыр күзгі есеп кезінде қойғанбыз", - деп түсіндіріпті ұлттық парк өкілдері.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!