ҚАӘ: Әуекомпаниялар Оралға рейстерді тоқтату шешімін өздері шығарды

Фото: 2gis.kz

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Орал қаласының әуежайында әуе кемелерінің ұшуын шектемегенін мәлімдейді. Шешімді әуетасымалдаушылар өздігінен қабылдаған, - деп хабарлайды kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Орал қаласының әуежайында әуе кемелерінің ұшуын шектемегенін мәлімдейді. Шешімді әуетасымалдаушылар өздігінен қабылдаған, - деп хабарлайды kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Әкімшіліктің авиациялық инспекторлары 2022 жылғы 30 маусымда жүргізілген тексеру барысында әуеайлақты пайдаланушы барлық авиатасымалдаушылар үшін аэронавигациялық ақпарат жинағында тұрақты негізде жариялаған рульдеу жолағы мен перронның жасанды төсемдерінің төмен көтергіштік қабілетіне қарамастан, әуе кемелерінің кейбір үлгілерінде Орал әуеайлағына ұшу қарқындылығы мен ұшу жүктемесінің артуы анықталды. Бұл көрсеткіш рұқсат етілгеннен едәуір артық",  делінген ведомство хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Авиациялық әкімшілік тарапынан әуеайлақты пайдаланушыға әуе жолағының бұзылуын және әуе кемелерінің бүлінуін болдырмау үшін жасанды төсемдерге рұқсат етілген жүктемелердің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге инспекторлық нұсқама жіберілді.

Бұдан басқа, әуекомпаниялар өкілдерімен және әуеайлақты пайдаланушымен өткізілген кездесулер мен талқылаулардан кейін Орал әуежайына ұшуды орындауды жалғастыруға, жасанды төсемге жүктемені азайтуға және әуеайлақта әуе кемелерін пайдалану кезінде ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтауға мүмкіндік беретін шараларды әзірлеу туралы шешімдер қабылданды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная