Қазақстан тарихи ескерткіштерге бай. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан, еліміз әлемнің алуан түрлі мәдениетінің көп өкілдері келді. Бүгін Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Қазақстандағы буддалық ескерткіштер туралы жайлы баяндайды.
Буддизм қазіргі Қазақстан аумағына біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырдың ортасынан бастап алғашқы миссионерлермен бірге келді. Кейіннен жаулап алушылар да, жергілікті билеушілер де бұл дінді таратуға тырысты. Олардың қызметінің нәтижесінде саяхатшылардың назарын аударатын көптеген сәулет ескерткіштері қалды.
Таңбалы-тас
"Таңбалы-тас" - көптеген петроглифтері бар Алматыдан екі сағаттық жолдағы ең әйгілі орын. Ол қазақ тілінде "таңбалары бар тас" немесе "жазу жазылған жартас" дегенді білдіреді. Шынында да, бұл жер жануарлардың, алғашқы адамдар және Күн-адамының жартастағы суреттерімен ғана емес, сонымен қатар, Будда бейнелерімен де танымал.
© Shutterstock
Барлығы сурет салынған 18 жартас бар: жартастың орталық бөлігінде бодхисаттва Арья Авалокитешвараның бейнесі бар, оған ең танымал будда мантраларының бірі "Ом Мани Падме Хум" арналған. Оның жанында аудармасында "Мен Әулие Авалокитешвараға табынамын" деген жазу жазылған. Оның оң жағында төрт метр биіктікте Будда Шакьямуни бейнеленген, оның жанында тағы бір жазу: "Мен Шакьямуни Буддаға табынамын" делінген. Ал сол жақта емшілік құдайы Бұрхан Манглдің бейнесі қашалған.
"Алматыда мұндай тарихи, әдемі жерлер өте көп. Солардың бірі Таңбалы-тас, мен барып тамашалап және тарихқа куә болып қайтуға кеңес беремін", - деп жазады саяхатшылардың бірі.
Қызық дерек
Буддистік жартастағы суреттердің пайда болуы хақында халық арасында көптеген аңыздар таралған. Олардың бірінде өзен бойымен керуен келе жатқанда қатты жер сілкінісі болғанын айтылады. Жер сілкінісінің әсерінен алып тастар суға құлап, өзенге өткел жасайды. Буддистер бұл оқиғаны құдайдың игілігі мен көмегі ретінде қабылдап, алғыс ретінде сол жердегі тасқа Будда бейнесін қашап салады.
Таңбалы-тас сызбасын XIX ғасырда алғашқылардың бірі болып қазақтың белгілі ғалымы, тарихшысы Шоқан Уәлиханов жасады. Кеңес дәуіріне бейнелерді Әлкей Марғұлан, Алексей Маряшев, Павел Мариковский және басқа да көптеген қазақ және кеңес ғалымдары зерттеген.
Түрлі дереккөздерден алынған мәліметтерге қарағанда, бұл жер жартастағы суреттерімен ғана емес, емдік қасиеттерімен де танымал болған. Көшпелілер бұл жерге дертін емдеу үшін жиі келетінін айтады. Жартасқа қашалған Буддаға сүйеніп тұрса, күш-қуат алады екен-мыс.
"Таңбалы-тастың" бұл фрагменті біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырға жатады, бұл біздің ғаламшардағы ең сирек кездесетін петроглиф. Мен осы жерге келгеніме өте қуаныштымын", - дейді Томирис атты алматылық саяхатшы.
Қазір "Таңбалы-тасқа" бірнеше туристік турлар бар. Олардың орташа бағасы алты мың теңгеден басталады. Алматыдан осы жерге және кері қайтар жол жарты күнге созылуы мүмкін, сондықтан өзіңізбен бірге жеңіл-желпі тамақ алуды ұмытпаңыз. Жартастағы суреттерде әдемі фотосуретке түсе аласыз, сонымен қатар, медитация жасап, табиғатты тамашалауға болады.
Айта кетейік, 2004 жылдан бері Таңбалы петроглифтері ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрлар тізіміне енгізілген.
Қызыл-кент "сарайы"
Қызылкент "сарайы" XIII - XV ғасырлардағы сәулет ескерткіші. Бір қызығы, бұл будда ғибадатханасын жоңғар жаулап алушылары тұрғызған. Қазір сол кездегі зәулім сарайдың қалдықтары ғана сақталған. Олар Қарағанды қаласынан 260 шақырым және Қарқаралы ауданы Кент ауылынан үш шақырым жерде орналасқан.
Кент "сарайының" ғимараты екі метрлік құлаған қабырғалардан тұрады, ол тік жартас пен жасыл желектермен қоршалған оңаша жерде орналасқан. Жақын жерде тасты шағын тоған бар. Тарихи деректерге қарағанда, бұл сарайдың аумағында тіпті балкон да болған.
Қызық дерек
Будда ғибадатханасын алғаш зерттеген XIX ғасырда орыс генералы Семен Броневский болды. Ол жалдаған жергілікті тұрғындардың көмегімен ғибадатхананың аумағын тазартып, шағын қазба жұмыстарын жүргізеді. Табылған заттар Семей мұражайына тапсырылды, экспонаттардың бір бөлігі Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық мұражайында сақталған. Сонымен бірге, Броневский жергілікті тұрғындардың бұл жерді киелі санайтынын және тастарды ұстауға жүрексінетінін атап өтті.
"Бұл жердің табиғи әсемдігі мен жерінің ерекшелігі таң қалдырады. Ежелгі нәрсеге, басқа мәдениетті көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкіндігі әрқашан тартымды. Осының бәрі маған ерекше қуат береді", - деп сипаттайды сапарын қарағандылық саяхатшы.
Текелі стелласы
Буддизмнің тағы бір ескерткіші - Текелі стеласы. Ол Текелі қаласына жақын, Алматыдан шамамен 290 шақырым және Талдықорғаннан 40 шақырым жерде орналасқан. Стелла пирамида пішініндегі биіктігі үш метрден асатын үлкен тасқа ұқсайды. Ол Қора өзенінің маңында орналасқан.
Стеланың ерекшелігі онда буддалық бейнелер мен жазулар қашалған. Тастың үстіңгі жазықтығында Калачакра символы, 10 буыннан тұратын сиқырлы монограмма қашалған. Оның үстінде тибет жазуымен жазылған жазу бар, оның мағынасы күні бүгінге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр. Олардың астында келі, яғни будда дінінде маңызды оқиғалардың құрметіне салынған құрылыс та бар.
"Бұл өлке тарихы пұтқа табынушылық, зороастризм, буддизмнің аңыздары мен наным-сенімдерін, ислам дінінің дәстүрлерін бойына сіңірген. Ондағы ең қызықты жерТекелі келісі - биіктігі үш метрлік алып тас. Онда тасқа қашалған арыстан кейпіндегі мифтік жануары көруге болады,"- деп жазды Леся Колисниченко.
Аблайкит
XV ғасырдың ІІ-жартысында Шығыс Қазақстанға батыс-моңғол жоңғар тайпалары басып кірді. Олар осы аумақта үлкен көшпелілер империясын құруды көздеді. Ол үшін жоңғарлар бекіністер мен шіркеулер тұрғызды. Солардың бірі - Аблайкит. Оны жоңғар тайшысы (моңғол халықтарының көсемі, билеушісі) Абылай 1654 жылы салған. Сондықтан бұл ғибадатхананың атауы - "Абылай" және "кит" немесе "соғыс" (жоңғар тілінен аударғанда "бекініс шіркеу"). Бұл ламаист (соңғы буддизмнің бір түрі) бекініс шіркеуінің үлгісі болды.
Осы күнге дейін ғибадатханадан тек Аблайкит шіркеуінің қирандылары ғана сақталған. Олар Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының аумағында орналасқан. Оған Өскеменнен бір сағатта жетуге болады.
Көп жылдар бойы Аблайкит ғалымдар мен саяхатшылардың назарын аударды, мысалы, ғибадатхананың қирандыларына Герхард Фридрих Миллер, Питер Саймон Паллас келді. Ғибадатхананың алғашқы сипаттамасын XVII ғасырда Абылай тайшыға барған орыс елшісі Федор Иванович Байков жасаған. XVIII ғасырда ресейлік геодезист Василий Шишков құрылымның алғашқы жоспары мен эскиздерін сызды. Соңғы жылдары бұл ғибадатхананың аумағында қазба жұмыстары белсенді жүргізілуде.
"Бүкіл шіркеу аумағы үш-бес метр биіктікке жететін тас қабырғамен қоршалған, солтүстік және батыс бөліктерінде жартас бойымен созылып қосымша тосқауыл болған",- деп сипатталады шіркеудің сыртқы келбеті. Бұл сипаттама "Аблайкит" бекініс шіркеуінің археологиялық қазбалары нәтижелері туралы мақалада келтірілген.
Қызық дерек
Шіркеу аумағында бірнеше рет буддалық жәдігерлер, қорғасын оқтары, тиындар, сондай-ақ адам мен жануар тектес сүйектер табылған. Мұнда қолжазбалардың үлкен кітапханасын да табылды. Өскемендегі тарихи-өлкетану мұражайында кемінде екі мың жәдігер сақтаулы тұр.
Өскемендегі тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлерінің айтуынша, Аблайкит аумағында қазыналы үңгір бар деген сенім бар екен.
"Ақыр аяғында жоңғарлар бекіністен тез шығып кетті. Олар ғибадатханасын бүлінбеген күйінде қалдырды. Олар қазыналарын бір жерге жасырған болуы мүмкін. 1928 жылы атақты археолог Андриянов жергілікті тұрғындардан сұхбат алып, үңгірді іздестірді, бірақ тек екі шахтаның орнын тапты. Сондай-ақ, қайың қабығынан жасалған әріптердің көптігі сонша, оларды вагондарға салып әкететін, тіпті саудагерлер өз тауарларын соған орап алатыны, ал Өскемен бекінісінің тұрғындарының оларды қыс қарсаңында терезе жақтауларына жапсыратыны айтылады. Бірақ бұл туралы нақты естелік қалдырған ешкім жоқ", - дейді гид Галина Куц.
Қойлық қонысы
Тағы бір буддалық ғибадатхана ортағасырлық Қойлық қонысының аумағында орналасқан. Бұл жер ХІІІ ғасырға жатады, бірақ Аблайкиттен әлдеқайда нашар сақталған. Бір кездері мұнда үш түрлі діннің өкілдері: буддизм, ислам және христиандықтар тату-тәтті өмір сүрген. Сондықтан бұл жер толеранттылық пен діни төзімділіктің символы болып саналады.
1998 жылы Марғұлан атындағы археология институтының базасында археолог Карл Байпақовтың жетекшілігімен арнайы топ құрылды. Содан кейін археологтар буддалық және манихейлік храмдарды, сонымен қатар, күйдірілген сазбен және ғанышпен бай безендірілген шіркеулік мешіт пен уағызшылар жерленген сопылық ханаканы (шіркеу) тапты.
Қойлық теңге сарайынан соғылған күміс және мыс теңгелердің табылғандары қаланың бір кездері тау етегіне іргелес жатқан төрт метрлік бекініс дуалымен жау шапқыншылығынан қорғалған ірі саяси және сауда орталығы болғанын көрсетеді.
2014 жылдан бері Қойлық қалашығы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді.
"Толеранттылық қанымызда бар. Соның дәлелі - діни төзімділіктің символы деп атауға болатын Қойлық қонысы", - деп жазды Қойлық елді мекеніне барған саяхатшылардың бірі.
Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.
Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.