Жоспардан тыс тексеру: Қазақстанда 4 ұшқыш пен 3 әуекомпания жазаланды

Фото:depositphotos.com

Көлік министрлігі Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізген тексерулер нәтижесінде шағын авиацияға жататын 3 әуекомпания мен 4 ұшқышты әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көлік министрлігі Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізген тексерулер нәтижесінде шағын авиацияға жататын 3 әуекомпания мен 4 ұшқышты әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Көлік Министрінің тапсырмасына сәйкес Ан-2 ұшақтарын тексеруге қатысты жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларын жоспардан тыс тексеріп жатыр.

Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысына сәйкес әуе кемелерін пайдалану кезінде азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мынадай талаптарын бұзу анықталған:

Реклама
Реклама
  • командир әуе кемеде ұшқыштың қолданыстағы куәлігінсіз ұшуды жүзеге асырды (4 факт тіркелді) және әуе қозғалысына қызмет көрсету органына хабарламаған;
  • ұшу құжаттамасының болмауы;
  • әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету құжатын орталыққа жібермеген фактілер тіркелді.

Жоспардан тыс тексерулер жүргізу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Тамызда 6 пайдаланушыны тексеру жоспарланған.

Сондай-ақ, шілдеде 10 әуекомпанияны іріктеп тексеру жүргізілген.

"Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізген тексерулердің нәтижесінде шағын авиацияға жататын 3 әуе компаниясы мен 4 ұшқышқа ҚР Азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін 11 айыппұл салды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная