Жетісу облысында 738 жеке кәсіпкердің заңды құқықтары қорғалды - Алакөл прокуратурасы

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алакөл ауданының прокуратурасы облыс көлемінде 738 жеке кәсіпкердің заңды құқықтарын қорғады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алакөл ауданының прокуратурасы облыс көлемінде 738 жеке кәсіпкердің заңды құқықтарын қорғады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

​Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сәйкес нұсқама мен ауыртпалық мемлекеттік бақылау органымен тексеру жұмыстары жүргізілгеннен кейін қойылады.

"​Атап айтатын болсақ, Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаментімен 738 жеке кәсіпкерлердің жер телімін мақсаты бойынша пайдаланбағаны үшін нұсқама мен ауыртпалықтарды тексеру жүргізусіз қойғанын анықтап, прокурорлық қадағалау актісін енгізді", - делінген ведомство хабарламасында.

Реклама
Реклама

​Қадағалау актісінің нәтижесімен 738 жеке кәсіпкерлердің жер телімдеріне заңсыз қойылған нұсқама мен ауыртпалықтар жойылды.

"Жеке кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында жұмыстар одан әрі жалғасады", дейді Алакөл аудандық прокуратурасының мамандары.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная