Жердегі жұмақ: Шығыс Қазақстан облысының әсемдігі видеоға түсірілді

@instagram.com/vkadre_kz видеосынан кадр

Видеограф Анзор Гасаев Шығыс Қазақстан облысының табиғаты түсірілген бірнеше ролик жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Видеограф Анзор Гасаев Шығыс Қазақстан облысының табиғаты түсірілген бірнеше ролик жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Анзор Гасаев Instagram желісіндегі парақшасында ШҚО табиғатының әсемдігін көрсетті. Желі қолданушылары тәнті болып, пікір қалдырудан жарысып жатыр.

Реклама
Реклама

ШҚО-ның даласы осындай. Желі қолданушылары мұнда жолдарды ескермегенде барлығы керемет екенін жазған.

Таулы пейзаждың ролигі ерекше көзге түседі. Мұндай сұлулықты камераға ілу - сәттілік. Видеоға екі мыңнан аса пікір жазылған.

"Сіздің көзіңізбен бүкіл әлем Қазақстанды көреді және бүкіл сұлулыққа тамсанады", Менің атам табиғатымызды қатты жақсы көретін және Мұзтау (Белуха) туралы ерекше айтып отыратын. Ол біраз жерді көрді, әттең оның мұндай фотоаппараты болмады", "Таңғажайып", "Қар және гүл, қандай керемет үйлесім", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Анзор Гасаев біздің редакцияның тілшісіне берген сұхбатында роликтің бірнеше апта бұрын түсірілгенін айтады.

"Мен Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағайда, Мұзтау тауында экспедицияда болдым. Қандай әсер алдым? Бұл мен болған әсем жерлердің бірі. Табиғаты ерекше. Маған Мұзтау мен Қатонқарағай қатты ұнайды. Алып аумақ, барлығы таза, туристер аз. Айтсаң сөз жетпейді", - дейді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная