Жер астындағы көл мен ежелгі қирандылар. Неліктен туристер Қазақстанның ең қорқынышты елес-қаласына баруға құмар?

Түркістан облысындағы Байжансай - бір кездері гүлденген қала еді, қазір қаңырап жұрты ғана қалған, оның тарихы көптеген туристерді қызықтырмай қоймайды. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге елеске айналған қорқынышты қала туралы баяндайды.

Гүлденуден құлдырауға дейін

Шымкенттен солтүстікке қарай 135 шақырым жерде таңғажайып мекен - Байжансай қаласы. Кеңес Одағы жылдары бұл жерде қорғасын-мырыш кендері өндіріліп, өңделді. Бұрын тіршілік қайнап тұрғанда, қала өмірі жанға жайлы саналатын. Бұл кен көздері таусылғанға дейін жалғасты. КСРО-ның құлауымен қаржыландыру да тоқтағаны белгілі.


Мұрағат суреттері

"Брежнев дәуірінде облыс орталығының тұрғындары Байжансайға киім-кешек пен азық-түлік сатып алу үшін арнайы баратын, өйткені Мәскеуден арнайы жеткізіліп, қамтамасыз етілетін. Дүкен сөрелерінде қалағанның бәрі табылатын еді. Тіпті мұнда жеке әуежай болған, ол жерден АН-2 ұшақтары Шымкент пен Кентауға қатынаған. Қалашықта музыкалық мектеп, ал шатқалдардың бірінде демалыс орталығы болған", - деп еске алады өлкетанушы Алексей Гончаров.


Мұрағат суреттері

XX ғасырдың басында бұл аймақта Байжан Асанбаев деген аңшы өмір сүрген. Ол "ақ тастарды" жинап, оларды ерітіп, мылтығына оқ жасаған. Ол "ақ тастардың" қорғасын екенінен хабары болмаған. 1930 жылы ғана Байжан бұл жерлерді геологтарға көрсеткен. Металл өндірудің жаңа тарихы осылай басталған, содан кейін пайда болған ауыл Байжансай деп аталған.

Алайда, басқа дереккөздер бойынша, металл Кеңес өкіметіне дейін де өндірілген, оны бірінші болып ағылшындар тапқан. Олар қорғасынды алдымен түйе керуенімен, содан кейін пароходпен Еуропаға жөнелткен. Жергілікті тұрғындар 1978 жылы ағылшын миллионерінің немересі атасына тиесілі болған шахтаны көру үшін осында келгенін еске алады.

Қала неге қаңырап қалды?

Өткен ғасырдың 70-жылдары жергілікті кеннің қорғасын құрамы толығымен өңделіп бітті, бұл Байжансай тағдырына әсер етпей қоймады. 1994 жылы өнеркәсіптік кәсіпорындар жабылды. Мамандардың барлығы жұмыс істеп тұрған басқа кеншілер қалаларына - Жаңатас, Кентау, Шалқияға кетті. Жергілікті тұрғындар туған қаласымен қимай қоштасып кете барды.

Қызықты дерек. 1968 жылғы санақ бойынша мұнда 3900 адам өмір сүрген. 1999 жылы олардың саны 339-ды құрады (169 ер адам және 170 әйел), ал 2009 жылға қарай 198-ге (98 ер адам және 100 әйел) азайды. Кейбір мәліметтер бойынша, 2018 жылы Байжансай қаласында тек бес отбасы ғана өмір сүрген.

Айта кетсек, үш дүркін әлем чемпионы, 1968 және 1976 жылдары семсерлесуден екі дүркін Олимпиада чемпионы, 1972 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Эдуард Винокуров осы Байжансай қаласының тумасы.


© Shutterstock

Қазіргі Байжансай – бұл қаңырап жұрты ғана қалған, барлық өркениеттен қалыс жатқан қалашық. Сонымен қатар, танымал туристік бағытқа айналған.

Нені тамашалауға болады?

Ескі қирандылар, акрополь - саяхатшылар мәдениет үйі мен басқа белгілі мекемелерден қалған үйінділерді осылай атайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Александр Зевакин (@alexandrzevakin)

"Көз алдымызда өзеннің бір жағындағы тас үйлердің қалдықтары және екінші жағында қараусыз қалған сарайлар тұр",- дейді Байжансайға келген саяхатшылардың бірі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ? ? ? ? ? (@dens_luck)

Бүкіл қала аумағында сіз осындай қараусыз қалған бірнеше ғимаратты кездестіресіз. Кейбіреулері ежелгі грек және рим қалаларының қирандыларына қатты ұқсайды.


© Shutterstock

Есіңізде болсын, бұл қирандылар өте нәзік, сондықтан мұнда өте мұқият қозғалу қажет.

"Ауылдағы үйлердің жабайы тастан тұрғызылғаны таңғаларлық, әдетте Қазақстанның оңтүстігінде тұратын халық үйді жабайы тастан тұрғызбаған. Мұның екі нұсқасы бар. Біріншісі, оларды қолға түскен жапондар салған. Екіншісі бойынша, оларды мұнда жер аударылған гректер мен шешендер салған", - деп өлкетанушы Алексей Гончаров өз болжамымен бөлісті.

Фото: Алексей Гончаров


© Shutterstock

Қараусыз қалған үйлерді шымкенттік блогердің бейневролигінен көре аласыз.


Видео Youtube/Такеши Оскарсон

Міне, елес-қалашықтың мәдени мұрасы ретінде сақталған бірнеше ескерткіштер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ? ? ? ? ? (@dens_luck)


© Shutterstock

Туристер үшін шынымен жұмбақ орын - бұл қараусыз қалған шахта. Дәл осы жерде руда өндіріліп, рельстермен және элеватормен жеткізіліп отырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Андрей (@kapustis59)

Шахта ашық, оған кез келген адам кіріп көре алады.


Видео: Александр Скрынников

Іші дымқыл және салқын екенін есте ұстаңыз, үңгір жарғанаттары үшін мұндай орын өте қолайлы!


Фото: Андрей Соловьев

"Дәл қорқынышты фильмдегідей! Неге біз үйде қала бермедік?" - дейді шахтаға кірген батыл саяхатшылардың бірі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ✨?????????? ????✨ (@veranichka18_08)

"Көбісі, мүмкін, түсінбейтін шығар, бірақ эмоциялар керемет. Бастапқыда, шынымды айтсам, мен қорықтым. Бірақ біздің қорқынышымыз тек біздің миымызда екеніне сендім. Бұл шынымен де ғажап, тарихқа бір табан жақындағандай боласыз", - дейді шахтаға кірген саяхатшы қыз.

Шахталардың басты орны - жер асты көлі. Көлге шомылуға бола ма белгісіз, бірақ біз оған кеңес бермейміз.


Видео Youtube/Лялька

"Камера барлық сұлулықты жеткізе алмайды, өйткені шахтада тас қараңғы. Ал сіз көлге кішкене қиыршықтас тастасаңыз, үлкен тас лақтырғандай әсер аласыз, себебі көлдің суы ауыр",- деп сипаттайды өлкетанушы Алексей Гончаров.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Наталья (@natataraz)

"Биік жартастарда, өзеннің арғы бетінде үңгірге кіретін жер байқалады. Біз шалғында кездестірген Байқоңыр қаласының тұрғыны осы жерлердің тумасы болып шықты. Ол үңгірдің Қарабастау деп аталатынын айтты. Сіз оған тек жоғарыдан ғана кіре аласыз, оның ішінде жер асты өзені, бір көл бар. Әсіресе су мол жылдары үңгірден сарқырама құлап ағады", - дейді жергілікті тарихшы Алексей Гончаров.

Қалай жетуге болады?

Байжансайға барар жол өте көрікті, әрі тартымды. Елес-қалашыққа барар жолда сіз он сегіз көпірден өтесіз. Олар өте әдемі, сондықтан сіз межелі жерге жетпей суретке түсіруді бастайтыныңыз анық.


Фото: Алексей Гончаров

"Міне, шатқалға қарай ең әйгілі көпір, ол "шайтан көпір" деп аталады. Біз бұл жердің ескі фотосуретін таптық. Көріп отырғанымыздай, мұнда 1950 жылдардан бері ештеңе өзгермеген. Бұл жерлерде көп жұмыс істеуге және бір тонна жарылғыш затты қолдануға тура келді", - деп жазады Алексей Гончаров.

Байжансайға баратын бағытты табу және жалғастыру - оңай емес, өйткені жолда мұндай белгілерді таба алмайсыз. GPS навигаторы бағытты нақты көрсетері де неғайбыл. Жол бойындағы ауыл тұрғындары жол сілтеуге көмекке келеді.

"Шаян ауылына барарда тас жолмен хайуанаттар бағына қарай, Бірлік ауылынан оңға қарай бұрылыңыз, жылдамдықты асырмаңыз (төмпешіктері бар жол болғандықтан), ары қарай жалғыз жолға түсесіз. Демалыс күндері бұлақ басында адам көп болады, (шатқал ортасында бұлақ бар, шатқал басынан 9 шақырым жерде) егер сіз жол талғамайтын көлікпен жүрсеңіз, сіз Байжансайға дейін барасыз, шахталарды көріп, содан кейін шатқалға, ары қарай жаяу жүресіз, - деп бөліседі өз әсерімен саяхатшылардың бірі.

"Осылай тіршілік ете береміз, айналамызда, бірер сағаттық жолда қанша таңғажайып жерлер бар екенін білмейміз. Тұнған эмоция, адреналин, керемет орта және жағымды демалыс", - бәлкім, елес-қала туралы әңгімемізді осылай аяқтаған жөн болар.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.