Алматылық фотограф Дмитрий Доценко Түркістан облысында еліктірер пейзаж түсірілген бірнеше сурет жариялады. Онда Келіншектау сұлулығы көрсетілген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Дмитрий Доценко Instagram желісіндегі парақшасында бірнеше сурет жариялады, оны қолданушылар жарыса тамашалап жатыр. Ол әріптесі Фархат Қабдықайыровпен бірге мамырда осы суреттерді түсірген екен.
"Әріптесім, фотограф Фархат екеуіміз бұл жер Қазақстандағы ең әдемі орындардың бірі деген шешімге келдік. Әсіресе пейзажды суретке түсірушілер үшін бұл нағыз жұмақ. Біз Келіншектау суреттерін ұсынып отырмыз. Қараңыздаршы, түрлі көрініс, ауа райы да түрленген және сан-алуан сюжет табуға болады", - дейді Доценко.
Публикация от Дмитрий Доценко / Фотограф Алматы (@dots_foto)
Жазбаға жүзден аса пікір жазылған, көпшіліг суреттердің әсерлі екенін айтқан.
"Айдаһарлар жайлы фильмдердің кадрлары іспеттес", "Сонда барғым келіп кетті", "Айнымас сұлулық", "Керемет", - дейді Желі қолданушылары жазбаның астында.
Дмитрий Доценко Келіншектауға қатысты аңызды еске салды.
"Аңыз бойынша бір заманда Айсұлу есімді қыз өмір сүріпті. Әкесі қатты жақсы көрген, айтқанын бұлжытпай орындайтын болған екен. Тұрмысқа шығатын жасқа келгенде, ол үлкен той жасап, жасауын кереметтей еткен - барлығы алтыннан жасалған. Алайда Айсұлу оның арасынан итке арналған күміс итаяқ тауып, ауыстырып беруін сұраған. Көңілі қалған әкесі оны қарғап, алтынға айналып кетуін тілеген. Осыдан кейін Айсұлу мен оның көші тасқа айналып, Келіншектау таулы массиві пайда болған екен", - деп жазды фотограф.
Аңыздар арасында бұл мекенде айдаһарлар өмір сүргендігі және таудың өзі тасқа айналған аждаһа деген нұсқасы да бар. Бұл мекен жайлы толығырақ мына жерден оқуға болады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!