Желіде "Алакөлдегі дельфиндер" түсірілген видео таралып жатыр


Қазақстандықтар Желіде Алакөлде жүзіп жүрген "дельфиндердің" видеосын таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алакөл. Бүгін 24 шілде. Мұндай бұрын-соңды болған емес. Біреу дельфиндерді көлге жіберген болса керек", - дейді видео сыртындағы дауыс.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Алайда видео Украинада түсірілген. Оқиға 24 маусымда Одесса ауданындағы Лузановка жағажайында болған. Оны куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп жазады Vgorode Одесса. Дельфиндер жағалауға жақын келіп, су шашырата бастаған.

Гидробиолог Владимир Самайчук "Трасса Е-95" сайтында адамдар жиналған жағажайдағы дельфиндердің мұндай әрекеті сирек болатынын айтты. Теңіз жануарларының адамдарға назар аудармай, жағалауға жақын келуі сирек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Осыған ұқсас мақалалар

Шетелде қалып қойған туристердің бәрі 14 қаңтарға дейін Қазақстанға оралады Шетелде қалып қойған туристердің бәрі 14 қаңтарға дейін Қазақстанға оралады
"Эйр Астана" Шри-Ланка, Пхукет, Мале және Гоаға репатриациялық рейстер орындайды "Эйр Астана" Шри-Ланка, Пхукет, Мале және Гоаға репатриациялық рейстер орындайды
Халықаралық әуеқатынас: 35 рейс орындалады, 20-сы кейінге қалады Халықаралық әуеқатынас: 35 рейс орындалады, 20-сы кейінге қалады