Жасанды интеллект (ЖИ) барған сайын біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналуда және саяхаттау да қолданылып жүр. Туризм индустриясы машиналық оқыту мен деректерді талдаудағы прогрессивті өзгерістердің арқасында айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. ЖИ саяхат әлеміне қандай өзгерістер әкеледі және әрбір саяхатшы технологиялық өзгерістер туралы не білуі қажеттігін Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы материалда баяндайды.
Брондау және жоспарлау
ЖИ саяхатшылардың қалауына негізделген ұсыныстар беру арқылы қонақүй, рейс және басқа да қызметтерді іздеу және брондауды жеңілдетеді. Алгоритмдер деректердің үлкен көлемін және саяхат тарихын талдайды, пайдаланушының қаражаты мен жеке қалауларына бейімдейді және нәтижесінде ең жақсы нұсқаны ұсынады.
Жасанды интеллект адамға саяхатқа дайындалу процесінде қажеттінің бәрін жасай алады. Заманауи ЖИ сапарды минут сайын жоспарлап, барлық деректерді пайдаланушы күнтізбесіне енгізе алады.
Жекелендіру
Алдыңғы сапарлар мен деректерді пайдалана отырып, ЖИ жеке қызығушылықтарға негізделген бағыттарды, мейрамханаларды және кейбір бағыттарға жеке ұсыныстар мен туристік нұсқаулықтарды жасайды. Бұл саяхатшыларға жергілікті мәдениет туралы тың деректер табуға және классикалық туристік орындарға ғана емес, сонымен қатар жасырын және аз танымал орындарға да баруға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік
Саяхат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект белсенді түрде қолданылады. Бақылау жүйелері ұшудағы өзгерістерді бақылайды, ауа- райы жағдайлары және қауіпсіздікке әсер етуі мүмкін басқа факторлар туралы ескертеді, саяхатшыларға жағдайға бейімделуге мүмкіндік береді.
Тілдік кедергілер
ЖИ негізіндегі аударма технологиялары саяхатты қолжетімді етеді және туристерге тілдік кедергілерді жеңуге көмектеседі. Мобильді қосымшалар саяхатшыларға кез келген елде ыңғайлы қарым-қатынас жасау мүмкіндігін ұсынып, жедел аударымдарды қамтамасыз етеді. Нейрондық желілер бүкіл әлем бойынша мәдениетаралық коммуникацияның шекарасын кеңейтуге көмектесуде.
Сарапшы кеңесі
ЖИ сонымен қатар сарапшылық кеңестің сенімді көзіне айналуда. Технология саяхатшыларға туристік тенденцияларды болжау құралдарымен қамтамасыз етеді. Деректерді талдау орындарға оңтайлы кезде баруға және туристер аздау кезді анықтауға көмектеседі.
Алгоритмдер туризмнің қоршаған ортаға кері әсерін азайту үшін көліктік энергияны тұтыну сияқты факторларды ескере отырып, бағыттарды оңтайландыра алады. Нейрондық желілер саяхаттың белгілі бір аспектілерін автоматтандырып қана қоймайды, сонымен қатар тәжірибенің өзін өзгертіп, оны оңтайлы, жекелендірілген және тұрақтырақ етеді.
Осы тенденцияларды түсіне отырып, саяхатшылар тәжірибелерін жақсарту үшін технологиялық жетістіктер ұсынатын мүмкіндіктерді барынша пайдалана алады.
Біз саяхатшыларға сапарға дайындық процесін жеңілдетуге көмектесетін жасанды интеллект негізіндегі көмекшілер туралы айтып отырмыз.
- Roam Around — ChatGPT негізіндегі құрал, ол бүкіл әлем бойынша танымал бағыттарға саяхат ұйымдастыруға көмектеседі. Көмекші сапардың күндеріне, ұзақтығына және пайдаланушының қалауларына назар аударады. ЖИ демалыстың кез келген түрін ұсына алады: романтикалық бал айынан бастап тарихи маңызды жерлерге саязат ұйымдастырады.
- Vacay Chatbot тиімді, жекелендірілген саяхат туралы кеңестер беруге арналған. Бұл ЖИ әлі іске қосудың бастапқы сатысында.
- Curiosio пайдаланушылардың қаражаты мен уақыт шеңберіне негізделген қызықты саяхаттар жасай алады. Бүкіл жоспарлау процесі ассистентке жүз секундтан аспайды. Саяхатшылар олардың қызығушылығын ескере отырып жоспар алады.
- Kayak компаниясының Alexa дауыстық көмекшісі белгілі бір рейс туралы ақпаратты береді немесе мерекелер мен ауа-райын ескере отырып, келесі демалыс күндері қайда бару керектігін ұсынады. Көмекші сонымен қатар дауыстық іздеу арқылы қонақүйді брондауды ұсына алады.
- GuideGeek WhatsApp және Instagram арқылы қолжетімді. Ол туристік сарапшылардың кеңестерін, сондай-ақ рейстер, демалыс орындары, қонақүйлер туралы ақпаратты ұсынады және ақша үнемдеуге, саяхатыңыздан көбірек ләззат алуға көмектеседі.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.