Жаңарған Түркістан: Ұлы даланың жаңа тынысы

Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Түркістан - Қазақстанның оңтүстігіндегі ежелгі қазыналы қала. Біздің заманымыздан 500 жыл бұрын Самарқанд, Бұқара мен Хиуадан солтүстікке қарай керуен жолдарының қиылысында пайда болған бұл қала тарихшылардың, туристердің, мәдениет пен сәулет танушылардың назарын аударып жүргеніне талай жылдың жүзі болғаны анық. Kaz.tengritravel.kz порталы Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-мен бірге осынау ежелгі қаланың ескі бейнесі мен қазіргі жаңа келбеті туралы толығырақ баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан - Қазақстанның оңтүстігіндегі ежелгі қазыналы қала. Біздің заманымыздан 500 жыл бұрын Самарқанд, Бұқара мен Хиуадан солтүстікке қарай керуен жолдарының қиылысында пайда болған бұл қала тарихшылардың, туристердің, мәдениет пен сәулет танушылардың назарын аударып жүргеніне талай жылдың жүзі болғаны анық. Kaz.tengritravel.kz порталы Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-мен бірге осынау ежелгі қаланың ескі бейнесі мен қазіргі жаңа келбеті туралы толығырақ баяндайды.

XII ғасырдың алғашқы деректерінде Шавғар ауданының (уәлаят) орталығы болған киелі Түркістан Яссы деген атаумен танымал болды. Қазақстанның оңтүстігінде ұлы моңғол ханы Мөңкенің штабына бара жатқан армян патшасы Гетум I оны жазбаларында осылай атады. Кейінірек, XVI ғасырдан бастап қала бізге белгілі атауын алған. XVI-XVII ғасырларда Түркістан Қазақ хандығының экономикалық, саяси және мәдени орталығы болды, ол бұрын Хорезмшах, Шағатай, Тимуридтер мен Шейбанидтер әулеттері Орта Азия билеушілерінің әкімшілік орталығы болды. Осы уақыт ішінде қала әр түрлі мәдени дәстүрлерді бойына сіңірген, олардың іздерін бүгін де байқауға болады.

Реклама
Реклама

Яссауи мешіті. Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Бұл жерде Яссы-Түркістанның пайда болуымен XIX ғасырдың ортасындағы зерттеулерде ежелгі Қазақстанның мәдениеті туралы тек көшпенді болған деген сыңаржақ пікірдің тоқтауына, осы тарихи қаланың картада пайда болуы ықпал етті. Ұлы далада қалалар болды, әрі қандай қалалар десеңізші! Түркістан жазық дала мен ежелгі егіншілік мәдениеттерінің түйіскен тұсында пайда болып, дамыды, көптеген көрші мемлекеттерді де қызықтырмай қоймады.

"Керуен-сарай" кешені. Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Қала аймақтың рухани өмірі үшін маңызды рөл атқарды: ХII ғасырда қала түркі сопысы Қожа Ахмет Яссауидің уағыз-насихат мекеніне айналды, кейінірек күллі мұсылман Шығысының «екінші Меккесі» болды. Яссауи қайтыс болғаннан кейін Яссыдағы зираты діни және салттық орталық, қажылық пен ғибадаттың қасиетті орнына айналды. Белгілі болғандай, Әмір Темір зәулім ғимараты - Яссауи кесенесі Шереф ад-диннің «Зафар наме» еңбегінде айтылғандай, сопылар қауымының бұрыннан қалған ғимараттарының орнына тұрғызылған. Сәулеттік кешеннің іргетасының зерттелуі қазіргі Түркістанның Орталық Азиядағы ең көне қалаларының бірі екенін растауға мүмкіндік берді.

Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі жанындағы туристер. Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Бүгінде Түркістанға келген туристер осы ежелгі дәуір жәдігерлерін өз көздерімен тамашалай алады, бұл Қожа Ахмет Яссауидің әдемі қалпына келтірілген кесенесі ғана емес, ортағасырлық Сауран қалашығы мен Жұма мешітінің қирандылары, сонымен қатар, Есім хан, Укаша ата және Рабиға Сұлтан-Бегім кесенелері.

"Керуен-сарай" кешені. Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Қазіргі Түркістан тарихындағы маңызды кезең қала мәртебесінің өзгеруі болды: қала өзі аттас облыстың орталығына айналды, ал түркі әлемінің рухани астанасы ретінде гүлденудің жаңа кезеңіне аяқ басты. Бүгінде Түркістан бірнеше көрікті жерлері бар шеттегі қала емес, ол барлық бағытта үздіксіз дамудағы мегаполис. Мұнда құрылыс көлемі жыл сайын артып келеді, әлеуметтік, мәдени және спорттық инфрақұрылымның жаңа нысандары салынды, сонымен қатар көрікті жерлер қатары көбейді.

Визит-центр. Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Атап айтқанда, мұнда қонақтарды ортағасырлық атмосфералық стильде салынған заманауи келушілер орталығы қарсы алады, мұнда демалыста не істеу керектігі туралы толық ақпарат алып қана қоймай, билеттер сатып алуға, демалуға, тамақтануға болады. Ол Яссауи мұражайына қарама-қарсы орналасқан, онда ұлы Хазрет Сұлтан туралы толығырақ мәлімет аласыз.

Яссауи мұражайы. Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Келесі екі көрікті орын шынайы шығыстық демалыстың барлық дәстүрлеріне сай келеді. Бұл нағыз Шығыс моншасы, аумағы 3000 шаршы метрге жуық үлкен кешен тазалық пен өзіне күтім туралы түркілік танымның барлық ережелеріне сәйкес салынған, алыс жолдан соң сергіп алуға мүмкіндік береді. Біз Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-Сарай» туристік кешеніне баруды ұсынамыз, онда сіз қонақүйлер мен мейрамханаларды ғана емес, сонымен қатар сауда көшелері мен Жібек жолы кезіндегі қолөнершілер дүкендерін аралай аласыз, сонымен қатар, «ұшатын театр», атқа отырып шоу көрсететін амфитеатр, спа-фитнес орталығы, кинотеатр және т.б. бар.

"Керуен-сарай" кешені. Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Тағы бір таңғажайып, жаңа ғимарат - Farab кітапхана кешені. Бұл сирек кездесетін қолжазбалар мен оқу залдарының қоймалары ғана емес, сонымен қатар шығармашылық пен шабыт үйлесім тапқан бірегей ғимарат. Қабаттардың бірінде қолөнер бұйымдарын сататын әр түрлі студиялар, шеберханалар мен дүкендер орналасқан, ал екіншісінде Fab-lab орнына арналған, яғни мұнда іс-шаралар өткізуге болады.

Farab кітапхана кешені. Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Қайта жанданған Түркістанға келген әрбір турист бұл қаланың тарихқа бір қадам жақындығын, әрі балаларды әкеліп таныстыруға өте ыңғайлы екенін және мұны заманға сай барлық тұрмыстық және технологиялық артықшылықтарды пайдалана отырып жүзеге асыруға болатынын жақсы біледі. Түркістан қайтадан түркі әлемінің түкпір-түкпірінен келетін туристерді тартатын таңғажайып орталыққа, жаңа бейнедегі рухани астанаға айналуда, әрі есігі сіздер үшін әрдайым ашық! 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная